masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2024 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ІРІ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨҢІРДІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРДІ

18 июня, 2025
in Жаңалықтар, Экономика, Қоғам
0
2024 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ІРІ ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ӨҢІРДІҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРДІ
0
SHARES
17
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2024 жылы Шымкент қаласындағы “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында үш ірі жаңа өндіріс орны іске қосылды. Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда, жаңа жұмыс орындарын ашуда және импортты алмастыруда маңызды рөл атқаруда.

Салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, әр жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызын атап өтті.

«Dapter-Line» ЖШС мектеп дәптерлері мен жазу қағаздарын өндіруге бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі – 500 миллион теңге. Кәсіпорын 40 адамды жұмыспен қамтып отыр. Фабриканың жылдық қуаттылығы – 70 миллион дана дәптер.

«Balabi Textile» ЖШС шұлық өнімдерін өндірумен айналысады. Жобаның жалпы инвестициясы – 6,5 миллиард теңге. Өндірісте 500 жұмыс орны құрылған. Зауыт жылына 24 миллион жұп шұлық шығаруға қауқарлы.

«Nappa.kz» ЖШС аяқ киім өндірісіне маманданған. Жобаға 400 миллион теңге инвестиция тартылып, 60 жұмыс орны ашылды. Фабриканың жылдық өндірістік қуаттылығы – 200 мың жұп аяқ киім.

Барлық кәсіпорындардың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, заманауи өндірістік жабдықтар орнатылды. Бұл жобалар Шымкенттің экономикалық өсуіне елеулі үлес қосып, отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта да инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Previous Post

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ИЕСІ

Next Post

АБАЙ САЯБАҒЫНДАҒЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША СОТ ШЕШІМДЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде