masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ: АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

12 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ: АССАМБЛЕЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Бүгін қала әкімі, қалалық ассамблея төрағасы Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының VІ сессиясы өтті. Жиынға ассамблея мүшелері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, салалық басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, аудан әкімдері, діни конфессиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.
Мемлекет басшысы: «Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды», – деген болатын. Бүгінгі іс-шарада республикалық сессияда жүктелген міндеттерді қала аумағында іске асыру барысы, этносаралық қарым-қатынас саласында атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Біз бар әлеуетімізді халқымыздың татулығы мен берекелі бірлігін бекемдеуге бағыттауымыз қажет. Сондай-ақ, «30 жылдыққа арналған іс-шаралар жоспарын» орындап, Ассамблеяның даму тұжырымдамасын әзірлеу және оны іске асыру бағытында кешенді жұмыстарды бірлесе атқаруымыз керек – деді Ғ.Әбдімәжитұлы.
Сондай-ақ қала басшысы бір жылда қалалық Ассамблея төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары болған Тимур Казьминге алғыс білдіріп, Қалалық Ассамблея хатшылығының ұсынысы негізінде Юрий Радионович Пан мен Тахирбек Фархадович Нишанбаевты қалалық Ассамблея төрағасының орынбасары етіп бекітті. Алдағы уақытта нақтыланған міндеттерді жүзеге асыруда қалалық деңгейдегі басқармалар, аудан әкімдері, оқу орындары, жастар ұйымдары мен азаматтық қоғам институттарының әлеуеті қолданылатын болады.
Previous Post

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІ ҰШТАСТЫРҒАН ПЕДАГОГ-ЗЕРТТЕУШІ

Next Post

БІРЛІК ПЕН ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде