masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Билік

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

4 июня, 2025
in Билік
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

✔️Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында 8 алтын медаль еншіледі. Ал ескек есуден Қытайда өткен Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Астана қаласында пара дзюдодан ұйымдастырылған әлем чемпионатында 2 спортшы алтыннан алқа тағынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның Әнұранын шарықтатқан осы спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.

📌– Сіздер халықаралық деңгейде ел намысын лайықты қорғап, Қазақстанның көк байрағын биікте желбіретіп, Түркістанның абыройын көтердіңіздер. Осы жетістіктеріңіз – Президент тапсырмасының нақты орындалып жатқанынның айқын дәлелі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында «Спорт – ұлт денсаулығы мен жас ұрпақтың болашағына салынған инвестиция. Біз жас таланттарды қолдауға және спорт инфрақұрылымын дамытуға баса мән беруіміз керек» деп атап өткен болатын. Облыста осы бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Жыл сайын жаңа спорт нысандары салынып жатыр. 2024 жылы 73 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 2025 жылы тағы 51 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Біз, облыс басшылығы, спортшыларға және олардың бапкерлеріне барынша қолдау көрсетіп келеміз және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Алдағы жарыстарда да жеңісті жолдарыңыз жалғаса берсін. Түркістаннан әлі талай чемпиондар шығады деп сенеміз! – деген Нұралхан Көшеров спортшыларды арнайы марапаттап, қаржылай сыйақы тапсырды.

✔️Кездесуде даңқты бокс бапкері Мырзағали Айтжанов, бокстан Азия чемпионы Шұғыла Нәлібай мен ескек есуден Азия чемпионы Артём Терещенко сөз сөйлеп, спорт саласына қолдау көрсеткен облыс басшылығына ризашылықтарын білдірді. Алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолды жалғастыруға күш салатындарын жеткізді.

✔️Айта кетейік, Түркістан облысында спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Өңірде спорт нысандарының саны артуда. Қазір Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар мен ескек есу каналының құрылысы жүріп жатыр.

Previous Post

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

Next Post

АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЧЕСТВОВАЛ ЧЕМПИОНОВ АЗИИ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде