masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ӨҢІРЛІК ДАМЫТУДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

31 мая, 2025
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
Будущее медицины начинается здесь: Шымкент первым внедряет региональную стратегию здравоохранения
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен,  денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп Шымкент қаласының «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын»  дайындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасында тұңғыш рет әзірленді, еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі қолдану үшін пайдаланылатын денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға және жетілдіруге кешенді тәсіл болып табылады.
Денсаулық сақтаудың қатаң стандарттарына сай келетін қазіргі заманауи клиникалардың құрылысы жоспарлануда: қалалық перинаталдық орталық, 2 қалалық көпбейінді аурухана, МЖӘ шеңберінде 5 емхана.
Шымкент жоғары медициналық колледжі заманауи виртуалды симуляциялық жабдықтармен, тренажер кешендерімен, интерактивті жүйелермен жабдықталатын болады.
Еліміздің 13 жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық жоғары технологияларды енгізуге, күрделі хирургиялық операцияларды жүргізуге, медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді, ол Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мен ҒЗИ, ҒО арасында 2025 жылғы 30 мамырда меморандумдарға қол қоюмен бекітіледі.
Бағдарлама шеңберінде балалардың семіздігін қадағалау (COSI), мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы (HBSC), темекіні тұтыну туралы Ересек тұрғындарға жаһандық сауалнама (GATS), патронаждық қызметті бағалау және басқа бағыттар бойынша қаланың ересектер мен балалардың денсаулығына жаһандық зерттеулер жүргізу қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаны іске асыру барысында барлық жоспарланған мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады (87), әйелдерді прегравидалды даярлау жұмысын күшейтіліп жүктілік кезіндегі асқынулар, ауыр жағдайларды төмендетуге мүмкіндік береді. Пациенттерді маршруттауды реттеу үшін 12 бейін бойынша 31 құзыреттілік орталығы, 2 скринингтік орталық, 2 амбулаториялық онкологиялық көмек орталығы ашылады. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының жанынан «Ахуалдық талдау орталығы» өз жұмысын бастап, барлық емханаларда «Шұғыл медициналық көмек бөлмесі» ашылды.
Бағдарламаны  іске асыру Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесіне медициналық қызметтер көрсетуді Астана, Алматы қалаларының жетекші медициналық орталықтарының деңгейіне дейін  және 2029 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығын 79,1 жасқа дейін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтарды 60% — ға дейін ұлғайтуға, халықтың медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына 80% — ға дейін қанағаттануына мүмкіндік береді. Сондай-ақ даму және ерте араласу орталықтары құрылып, универсалды прогрессивті патронаждық моделі күшейтіліп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалар арқылы денсаулық сақтау саласындағы  инвестиция  артады. Медициналық цифрландыруды,  жасанды интелектті және  заманауи технологияларды қолдай отырып, робототехниканы да дамыту қолға алынады. Медициналық ұйымдардың Ұлттық аккредитациядан өтуін 95 %-ға жеткізу  қамтамасыз етіліп, медициналық  туризмді   дамытуға нақты қадамдар жасалады.

Previous Post

Будущее медицины начинается здесь: Шымкент первым внедряет региональную стратегию здравоохранения

Next Post

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде