masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

ӨЗ ІСІНЕ АДАЛ ПЕДАГОГ

23 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар
0
ӨЗ ІСІНЕ АДАЛ ПЕДАГОГ
0
SHARES
7
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Исаметов Дилшад Мирахматович — «Дене шынықтыру» пәнін оқытуда шығармашылық ізденісімен жұмыс атқарып жүрген ұстаздардың бірі.
Ол №113 Әл-Фараби атындағы мектебінде 1991 жылдан бастап ұстаздық қызметін атқаруда. Бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім. Ол өзінің еңбек жолында біршама жетістіктерге жетіп, аудандық, қалалық, республикалық сайыстарға жоғары нәтиже көрсетіп мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Исаметов Дилшад Мирахматович — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білікті де талапшыл дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ол мектеп оқушыларына волейбол ойынын үйретуде үлкен жетістіктерге жетіп, спортқа деген қызығушылықты арттыра білді. Сабақ барысында оқушылардың физикалық қабілеттерін дамытуға, денсаулықтарын нығайтуға және командалық рухты қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.

Педагог үнемі кәсіби шеберлігін арттырып отырады, түрлі спорттық жарыстарға белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды дайындап жүр. Ол әрдайым әділ, талапшыл, оқушылармен тіл табыса білетін, ұжым арасында сыйлы маман ретінде танылған. Оның еңбегі оқушылардың спортқа деген ынтасын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосып отыр.

Ол дайындаған спортшы шәкірттері түрлі жарыстардың жеңімпаздары атанған. Осыған орай ҚР Білім және Ғылым министрлігі “Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығынан” – Ұлттық мектеп лигасында жеңімпаз команда дайындағаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

Исаметов Дилшад- өзі таңдаған мамандығына, сүйікті ісіне адал жан. Ол еліміздегі жас ұрпақтың дені сау болып, үлкен жетістіктерге жетуіне үлесін қосқысы келеді. Сондықтанда мұғалім оқушыларды спортқа баулып, аянбай еңбек етуде.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

Previous Post

ЕДИНСТВО И ДРУЖБА: В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛСЯ ПРАЗДНИЧНЫЙ КОНЦЕРТ УЙГУРСКОГО ЭТНОКУЛЬТУРНОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ

Next Post

ШЫН ҰСТАЗ – ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН ШӘКІРТКЕ АРНАҒАН ЖАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде