masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті

22 мая, 2025
in Uncategorized
0
«Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалар байқауы өтті
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкенттегі Орталық кітапханада «Әкем–тірегім, анам–жүрегім» атты балалардың сурет байқауы өтті. Елімізде Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізінде бекітілген «Қазақстан балалары» онкүндігі аталып өтуде. Отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін сипаттайтын балалардың суреттер байқауы да сол онкүндіктің аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – отбасы, ата-ана құндылықтарын дәріптеу, балаларды алғыс айтуға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық белсенділігін, сурет салу арқылы эстетикалық сезімін дамыту.
Байқауға №2 музыкалық мектебінің оқушылары мен Арт Студия «Солнышко»-ның оқушылары, сондай-ақ қала мектептерінің белсенді оқырмандары мен қонақтары қатысты. «Отбасым–байлығым» атты ата – аналармен, ұстаздармен сұхбат сағаты өтті.
Оқушылар орындауында «Отбасы–бақыт мекені» атты әдеби композиция көрсетіліп, «Әке, ана сіздерге мың алғыс» тақырыбында отбасына, ата-аналарына жүрекжарды алғысын жолдады.
Байқаудың шарты бойынша отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін қылқаламмен қағаз бетіне түсірген ең әдемі, ең мағыналы сурет иесі байқауда «Үздік сурет», «Ең әсерлі сурет», «Мейірімге толы сурет», «Жанұя жылуы» атты номинацияларға ие болды.

Previous Post

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ — МОЛ ТАБЫСТЫҢ ЖАЛҒАН ҮМІТІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҰЙҒЫР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ НАСИХАТТАҒАН МӘДЕНИ ШАРА ӨТКІЗДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде