masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БИЫЛ ШЫМКЕНТКЕ ТАРТЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСПАҚ

20 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экономика
0
БИЫЛ ШЫМКЕНТКЕ ТАРТЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСПАҚ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл – шаһар экономикасына инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуінің нәтижесі. Нақтырақ айтар болсақ, биыл қаңтар-сәуір айларында Шымкент қаласына 233 млрд теңге инвестиция тартылды. Мұның өзі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш. Ел Үкіметі бекіткен декомпозицияға сәйкес 2025 жылы Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.

Қала экономикасын одан әрі дамыту үшін 2025-2029 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінде 112 кәсіпорын ашылады деп жоспарланған. Ол үшін инвестициялық жобалардың арнайы пулы әзірленді. Бұл жобаларға 406 млрд теңгеге инвестиция тартылуы тиіс. Онда 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

Бес жылдық пулды орындау қазірдің өзінде басталып кетті. Биыл қалада өңдеу өнеркәсібі саласында 73 млрд теңгеге 22 кәсіпорын ашу жоспарланған. Онда 1,2 мыңнан астам жұмыс орны пайда болады. Оның ішінде «QazAlPack» ЖШС-нің алюминий қаптамасын өндіретін зауыты биыл наурыз айында іске қосылды.

Аталған жобалардың іске қосылуы өнеркәсіп өнім көлемін 50 млрд теңгеге ұлғайтуға және экспорт көлемін 18 млн АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыруға ниетті инвесторларға өнеркәсіп алаңдарында инфрақұрылымы дайын, ұзақ мерзімге жалға берілетін жер телімдері ұсынылады. Кәсіпорындар коммуналдық қызметтердің ақысын арзандатылған тарифпен төлейді. Ал, арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға салық жеңілдіктері беріледі.

Қазір қалада 1 276 гектар жерді алып жатқан 7 өндірістік алаң жұмыс істеп тұр. Оның ішінде аумағы 306 гектарлық «Жұлдыз» және 132 гектарлық «Бозарық» индустриалды аймақтары 2024 жылы іске қосылды.

Бүгінде инвесторларды қолдаудың ашық және сындарлы диалогқа ықпал ететін көп деңгейлі инфрақұрылымы қалыптасты. Инвестициялық капиталды тартудың ашық, тұрақты және болжамды шарттарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Осылайша, отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жоба бастамашыларына инвестициялық келісімшарттарға қол жеткізуге көмек көрсетілуде.

Қала экономикасына тартылатын инвестиция көлемін арттыру мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 248 қаулысымен «Shymkent Invest – Front office» инвестицияларды тарту және инвесторларды қолдау орталығы» ЖШС-і құрылған. Аталған ұйымның негізгі міндеттеріне қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша аналитикалық зерттеулер жүргізу, инвесторлардың қызметін сүйемелдеуді қамтамасыз ету, қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат беру, «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау жатады.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГИЯ ТЕҢГЕРІМІНДЕГІ ЖЭК ҮЛЕСІ 6%-ДАН АСТЫ

Next Post

В ЭТОМ ГОДУ ОБЪЕМ ИНВЕСТИЦИЙ, ПРИВЛЕКАЕМЫХ В ШЫМКЕНТ, ПРЕВЫСИТ 1 ТРИЛЛИОН ТЕНГЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде