masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АУЫЛДА БИЗНЕС ДАМЫСА, ЖҰМЫССЫЗДАР АЗАЯДЫ

15 мая, 2020
in Қоғам
0
АУЫЛДА БИЗНЕС ДАМЫСА, ЖҰМЫССЫЗДАР АЗАЯДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ел дамуының алғышарты қатарындағы ауылды өркендету, орта және шағын бизнестің қанат қағуы Елбасы Жолдауында басым сипатқа ие бағыт. Бүгінгі таңда елімізде осы мақсатта мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, кешенді бағдарламалар жұмыс жасауда. Осындай қолдаулардан қуаттана түскен кәсіпкерлік субъектілері де өз күшімен кеңейе, ұлғая түсуде.

Келес ауданы орталығында кәсіпкерліктің жаңа бір нысаны іске қосылды. Жеке кәсіпкер Майра Айтқұлова аудан тұрғындарына «Бекжан» супермаркетінің қызметін ұсынды.

Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиылып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі Ақментай Есбаев «Ауылдар, аудандар өмірі қала деңгейіне мүмкіндігінше теңестірілуі керек, бұл бағыттағы жұмыстар толассыз жүргізіле береді. Жаңа нысанда сапалы азық-түлік ұсынылып, тұтынушыға барлық жағдай жасалады, сонымен қатар, тауар төмен бағада сатылымға шықпақ, бұл жетістік. Сондай-ақ, бизнесі қуаттана түскен кәсіпкерлік өз бизнес аясын кеңейте түсіп, ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті.

Кәсіпкер Майра Айтқұлова жиналған көпшілікке «хош келдіңіз» айтып, жаңа нысанның лентасы кесілді. Жаңа нысан әрбір жекелеген азықтың бірнеше түрін ұсынып, бірнеше сауда белгілерінің өнімдерін қойған.

Жалпы кәсіпкерлік нысан 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, азық түлік заттарын төмен нарықта сатуға шығаратын болады. Бұл өз кезегінде аудандағы тұтынушылардың қалтасына салмақ салмай, арзаншылыққа қызмет жасайтын болады. Жобаның жалпы құны – 50 млн теңгені құрады. Сонымен қоса, супермаркет жоғарысынан үй жиһаздарын саттатын дүкеннің лентасы да қатар қиылды. Аудан тұрғындары ендігі кезекте үйіне жаңа жиһаз алуға көрші ауданға сабылмайтын болды, себебі заманауи үлгіде ашылған жиһаз дүкеніне тауардың кең ассортиментін тұрғындарға ұсынылады.

Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Previous Post

МАҚТААРАЛДА 800-ДЕН АСТАМ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН ҚҰРЫЛЫСТА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

Next Post

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТКЕН НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде