masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ

19 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экономика
0
ЭНЕРГЕТИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ: «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» – ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШАДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстанда энергетика саласын кешенді жаңғыртып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңартылған бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл тетік энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін мақсатты инвестиция тартуға мүмкіндік береді әрі тұтынушыға түсетін жүктемені барынша азайтады.
2024 жылы бағдарлама аясында едәуір қаражат жұмылдырып, елдегі электр станцияларында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде орындауға қол жеткізілді. 2025 жылы инвестиция көлемі 428 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде, бұл ағымдағы жылмен салыстырғанда 13,24 %-ға жоғары.
Жаңартылған тәсілдің басты жаңалығы – инвестицияларды қайтарудың жылдық лимитін 32 млрд-тан 428 млрд теңгеге дейін көтеру және электр қуатын қолдауға арналған қызметтің шекті тарифін арттыру. Бұл жеке капитал тартуды және ауқымды техникалық қайта жарақтандыруды ынталандырады.
«Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасы тарифтік өзгерістерді энергия өндіруші компаниялардың нақты міндеттемелерімен – жөндеу қорларын ұлғайту, жабдықтарды жаңарту, өндірістік персоналдың еңбек жағдайын жақсартумен қатаң байланыстыруды көздейді. Еңбекақыны көтеру, станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу – осының барлығы бүкіл энергетикалық жүйенің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сөйтіп, бағдарлама шеңберіндегі тарифті түзету — шығын өсуіне жай жауап емес, заманауи, орнықты әрі келешекке бағытталған энергетиканы қалыптастыруға жасалған ойластырылған қадам. Ұзақ мерзімді инвестициялық көзқарас арқылы Қазақстан энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жетуге елеулі үлес қосады.
Тариф қалыптастырудың ашықтығы мен қаражатты пайдалану туралы есептілікке келсек, энергия өндіруші ұйымдардың деректері енді уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
Сондықтан электр энергиясы бойынша шекті тарифті бекіту немесе түзету жөніндегі келесі өтінімдер де осы ақпараттық жүйе арқылы беріліп, тарифтүзу процестері толық цифрландырылмақ.

Previous Post

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЛИЦЕНЗИЯ АЛДЫ

Next Post

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 15 891 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАЙДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде