masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

18 мая, 2025
in Жаңалықтар, Мәдениет, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ – МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІҢ ЖАРҚЫН ОРДАСЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы еліміздің үш ірі мегаполисінің бірі ретінде тек экономикалық даму көрсеткіштерімен ғана емес, соңғы уақытта рухани-мәдени өрлеуімен де ерекшеленіп келеді. Қаламызда өтіп жатқан ауқымды мәдени іс-шаралар – осының айқын дәлелі.

Бүгінде қадада 22 мәдениет ұйымы жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін 200-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл шаралардың қатарында ресми мерекелер, байқаулар, форумдар, театр премьералары мен тарихи-мәдени мұра бағытындағы жобалар қамтылған. Атап айтқанда, 31 жаңа театр премьерасы сахналанып, өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасалмақ.

2025 жылдың алғашқы тоқсанында қалада бірқатар маңызды мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. 1 наурыз – Алғыс айту күні, Наурыз мерекелері жорғары деңгейде аталып өтті. Сонымен қатар, Наурыз мерекесі аясында «Күміс көмей», «Күміс домбыра» және «Күміс қалам» атты республикалық байқаулар ұйымдастырылды. Бұл жобалар жас таланттарды қолдауға бағытталып, дәстүрлі ән, ұлттық айтыс өнері мен поэзия өнерінің дамуына үлес қосып жүрген жастардың өнеріне тың серпін берді.
Ал, 1 сәуір – Халықаралық күлкі күніне орай сатирик Көпен Әмірбектің 75 жылдығына арналған «Шымкент думан» республикалық әзіл-сықақ фестивалі ұйымдастырылды. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 80 жылдығы ерекше деңгейде аталып өтті.

Биыл қаламызда жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың 80 жылдық мерейтойына арналған «Мархабат Байғұт» апталығы басатау алып, «Мархабат мақамдары» атты көсемсөз оқу байқауы және «Әдебиет әлемі әдемі» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл шаралар қаланың рухани әлеміне серпін беріп, жас қаламгерлерге шабыт сыйлады.

Мамыр айының соңына дейін қалада тағы бірнеше маңызды мәдени күндер аталып өтпек. Атап айтқанда, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай бірқатар іс-шаралар жоспарлануда. Маусым айында қаланың басты мерекесі – «Қала күні» кең көлемде атап өту жоспарлануда.

Previous Post

В Шымкенте музыкальный фонтан получил видеопроекцию — в ритме света, воды и истории

Next Post

ШЫМКЕНТ СТАНОВИТСЯ ЯРКИМ ЦЕНТРОМ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде