masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі жеке алтын медаль мен командалық жеңіске қол жеткізді

18 мая, 2025
in Білім, Жаңалықтар
0
Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі жеке алтын медаль мен командалық жеңіске қол жеткізді
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) жоғары нәтиже көрсетті.

🚀 14 елден жиналған жас биологтар теориялық, жеке практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрамасы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан жасақталып, екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды, сондай-ақ командалық жобалық турда да бірінші орынды иеленді.

🏅 Жеңімпаздар:
🥇 Батыр Ержанұлы – 11-сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Шығыс Қазақстан облысы;
🥇 Ерсұлтан Қайыркен – 10-сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар облысы;
🥈 Әлихан Аширханов – 8-сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Алматы қаласы;
🥈 Дмитрий Титков – 10-сынып, №3 дарынды балаларға арналған гимназия, Павлодар облысы;
🥈 Әлімұхаммед Саматұлы – 9-сынып, «Білім-инновация» лицей-интернаты, Павлодар облысы;
🥈 Егор Менгулов – 10-сынып, №8 орта мектеп, Көкшетау қаласы, Ақмола облысы.

👩🏻‍🏫 Құрама жетекшісі – Айгүл Каркулова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары.

🧪 OIBO халықаралық олимпиадасы оқушылардың биология және биотехнология салаларындағы заманауи мәселелерді шешуге деген қызығушылығын арттыруды, ғылыми көкжиектерін кеңейтуді, өндірістік серіктестермен ынтымақтастықты және халықаралық тәжірибе алмасуды дамытуды мақсат етеді.

📚 Айта кетейік, олимпиада алдында Қазақстан құрамасы ұйымдастырушылардың шақыруымен «Сириус» орталығы базасында он күндік халықаралық оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

🎉 Жеңімпаздарды және ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!

Previous Post

1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Next Post

Делегация МЧС Казахстана побывала на заводе Rosenbauer в Австрии

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде