masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ БАҚЫЛАП, СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ

18 мая, 2025
in Денсаулық, Жаңалықтар, Қоғам
0
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ  БАҚЫЛАП,  СКРИНИНГТЕН ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ӨТУГЕ ШАҚЫРАДЫ
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін, 17 мамыр – бүкіл әлемде Артериялық гипертонияға қарсы күрестің Дүниежүзілік күні аталып өтуде. Бұл – жүрек-қан тамырлары аурулары мен мезгілсіз өлімнің ең қауіпті әрі кең таралған қауіп факторларының бірі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, әлем бойынша 30-дан 79 жасқа дейінгі 1,28 миллиардтан астам адам гипертониямен ауырады, сонымен қатар пациенттердің шамамен 46%-ы өз диагноздары туралы білмейді.

Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, қанайналым жүйесі аурулары құрылымында артериялық гипертензия диагнозы бар пациенттердің үлесі 47,7%-ды құрайды. Сырқаттанушылықтың артуы негізінен халықты скринингпен қамтудың ұлғаюымен байланысты.

Аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер болмайды, алайда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында жүргізілетін қан қысымын өлшеу, ЭКГ түсіру және зертханалық талдаулардың арқасында пациенттер дер кезінде ем қабылдай бастайды және қажет болған жағдайда диспансерлік есепке алынады.

2024 жылы скринингтен 1,9 миллионға жуық адам өтті, нәтижесінде 104 мыңнан астам жаңа гипертония жағдайы анықталып, олар тұрақты бақылауға алынды.

Еуропалық гипертония қоғамының ұсынымдарына сәйкес:

• Артериялық қысымның нысаналы деңгейі – 140/90 мм сын. бағ. төмен болуы тиіс;
• Емдеу өмір салтын өзгертуді (тұз тұтынуды азайту, темекі мен алкоголден бас тарту, физикалық белсенділік) және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеуді қамтиды.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты артериялық қысымын бақылауға, профилактикалық қарап-тексерулерінен тұрақты түрде өтуге және емдеуші дәрігердің ұсынымдарын орындауға шақырады.

Previous Post

ЧИСЛО ТУРИСТОВ, ПОБЫВАВШИХ В ШЫМКЕНТЕ, УВЕЛИЧИЛОСЬ НА 13,1 ПРОЦЕНТА

Next Post

1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде