masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

16 мая, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгінде Шымкент қаласында құрылыс саласы қарқынды түрде дамып келеді. Осыған орай құрылыстың заң талаптарын сақтай отырып, белгіленген стандарттарға сәйкес жүргізілуін қадағалаудың маңызы зор. Биыл қаңтар мен сәуір айларында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 489 хабарлама келіп түсіп, арнайы реестрде тіркелген.

Оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен салынып жатқан 41 нысан, ал, жеке қаражатқа салынатын 448 нысан туралы хабарламалар бар.

Басқарма тарапынан биыл жалпы 61 құрылыс объектілері бойынша 142 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан лицензиялау және аттестаттау саласы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін 61 сарапшыға аттестат берілген.

Одан бөлек, аталған басқармамен қаладағы лифтілердің техникалық талаптарға сай болуын қадағалау және оларды жаңарту бойынша жұмысты үйлестіру жұмыстары да жүргізілуде.

Қаладағы жалпы лифтілер саны – 1249. Оның ішінде тұрғын үйлерде орнатылған лифттер саны — 950, денсаулық сақтау мекемелерінде — 59, ал, білім беру мекемелерінде 56 лифт бар. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде 184 лифт жұмыс істеп тұр.

ҚР Үкіметімен 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Концепциясының негізінде жергілікті бюджеттен қайтарымды қаражат есебінен ағымдағы жылы 28 лифтіні ауыстыру жоспарланып, тиісті қаражат қарастырылды. Осы жұмыстардың аясында 24 лифт ауыстырылып, пайдалануға берілсе, қалған 4 лифт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, бұл бағытта 2025 жылы 12 лифт, ал, 2026 жылы 23 лифтті ауыстыру жоспарлануда.

Previous Post

В Шымкенте в прошлом году 27 тысяч жителей получили доступ к качественной питьевой воде

Next Post

ШЫМКЕНТ: ЗАКОННОСТЬ СТРОИТЕЛЬСТВА НАХОДИТСЯ ПОД СТРОГИМ КОНТРОЛЕМ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде