masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ АРНАЛҒАН 7-ШІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (ОАҚӨК-2025): ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРУДЕ

14 мая, 2025
in Жаңалықтар, Экология, Қоғам
0
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ АРНАЛҒАН 7-ШІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (ОАҚӨК-2025): ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРУДЕ
0
SHARES
16
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2025 жылғы 13–15 мамыр аралығында Ашхабад қаласында климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның 7-ші конференциясы (ОАҚӨК-2025) өтіп жатыр.
Конференцияның басты тақырыбы – өңірлік және ұлттық климаттық шараларды іске асыру үшін климаттық қаржыландыруды жұмылдыру. Бұл мәселе жаһандық температура рекордтарының жаңаруы және өңірдегі климаттық тәуекелдердің артуы аясында аса өзекті болып отыр.
ОАҚӨК-2025 конференциясы Орталық Азия елдерінің, үкіметтердің, парламенттердің, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, ғылыми орталықтардың және азаматтық қоғамның өкілдерінен құралған 200-ден астам қатысушыны біріктірді.
Конференция БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясының (COP29) шешімдерін іске асыру және алдағы COP30-ға дайындық, ұлттық бейімделу жоспарлары мен жаңа ұлттық үлестерді (ҰДАҮ 3.0) әзірлеудегі өңір елдерінің ілгерілеуін бағалау, сондай-ақ Жаңа ұжымдық сандық климаттық қаржыландыру мақсатына (NCQG) сәйкес стратегиялық әрі әділ климаттық қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу мәселелері бойынша пікір алмасу алаңы болды.
ОАҚӨК-2025 конференциясының негізгі элементтерінің бірі – ұлттық басымдықтарды өңірлік климаттық архитектураға біріктіруге назар аудару және төмен көміртекті даму жолына көшу тәжірибелерімен алмасу болды.
Қазақстан Республикасынан конференцияға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының және Парламенттің өкілдерінен құралған делегация қатысты. Делегацияны Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев бастап барды.
Вице-министрдің сөзінде 2026 жылы өтетін Өңірлік климаттық саммитке ерекше назар аударылды. Қазақстан бұл саммитті өңірлік диалогты нығайтудың және күш-жігерді үйлестірудің стратегиялық алаңы ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар министрлігі ОАҚӨК-2025 алаңында «Жасыл көпір»: ҰДАҮ іске асыруды жеделдету мен нығайтуға арналған инновациялық технологиялар» атты параллельді сессия өткізді.
Бұл сессия Орталық Азия елдерінің арасындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Green Bridge Partnership Program (GBPP) жаһандық цифрлық платформасы арқылы климаттық технологиялар трансферінің тетіктерін енгізу жолымен ҰДАҮ тиімді іске асыруға бағытталған.

Previous Post

ИОРДАНИЯҒА ТІКЕЛЕЙ РЕЙС АШЫЛАДЫ

Next Post

АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде