masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРУ ШАМАМЕН 24%-ҒА АРТТЫ

9 мая, 2025
in Uncategorized
0
ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРУ ШАМАМЕН 24%-ҒА АРТТЫ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Май өнімдері өнеркәсібі өз позициясын нығайтып келеді: өңдеу көлемі артып, майлы дақылдар алқабы кеңейіп, экспорттық әлеует күшеюде.
2025 жылғы қаңтар–наурыз қорытындысы бойынша өсімдік майы өндірісі 239,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға көп (194,1 мың тонна). Атап айтқанда, күнбағыс майының өндірісі 23,1%-ға артып, 170,8 мың тоннадан 210,2 мың тоннаға жетті.
2024 жылы майлы дақылдар егілген алқап көлемі 2,9 млн гектарға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Солтүстік Қазақстан облысы алдыңғы орында – жалпы егіс көлемінің 23,3%-ы, одан кейін Қостанай облысы – 23%, Павлодар – 12,5%, Абай облысы – 10,2%, Ақмола – 9,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 7,7%.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы елде 3,3 млн тонна майлы дақыл жиналды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 53%-ға көп (2,1 млн тонна).
Ел аумағында жылына 4,7 млн тонна шикізат өңдеуге қауқарлы 88 өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. 2024 жылы бұл кәсіпорындар 753 мың тонна өсімдік майын өндірді. Бұл 2023 жылғы көлеммен салыстырғанда (672,1 мың тонна) 12%-ға артық.
2024 жылы өсімдік майының экспорты 29%-ға артты. Негізгі импорттаушы елдер: Қытай – 42,4%, Өзбекстан – 35,4%, Тәжікстан – 12,7%, Ауғанстан – 3,2%, Қырғызстан – 1,4%, Латвия мен Түрікменстан – 1,8%. Ал керісінше, импорт 6,8%-ға азайды.
Шикізатпен ішкі өңдеуді қамтамасыз ету және өнімнің қосылған құнын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2021–2030 жылдарға арналған АӨК дамыту тұжырымдамасы аясында майлы дақылдар алқаптарын 3,3 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланған.
Экспортты реттеу шеңберінде 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап күнбағыс экспортына 20% көлемінде, бірақ бір тоннасына кемінде 100 еуро мөлшерінде кедендік баж салығы енгізілді. Сонымен қатар, экспорттық әлеуетті кеңейту мақсатында Қытаймен майлы дақылдарды өңдеу өнімдерін экспорттау бойынша санитарлық және фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаларға қол қойылды.
Өңдеуші кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекет АӨК-ті қолдау бағдарламалары аясында айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несиелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 411-бабына сәйкес ҚҚС-тың 70%-ға төмендетілген мөлшерлемесін ұсынады.
Мұндай шаралар май өнімдері өнеркәсібінің позициясын күшейтіп, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оны сыртқы нарықтарға ілгерілетуге ықпал етеді.

Previous Post

Шымкент: Театрализованные постановки и фронтовая каша в честь 80-летия Победы

Next Post

Производство растительного масла в Казахстане увеличилось почти на 24%

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде