masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 100 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

8 мая, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 100 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Биыл 9 мамыр – Ұлы жеңіске 80 жыл. Осы айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 100 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребавтың үйіне арнайы барып, қарт майдангерді мерекесімен құттықтады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін тапсырды.
Өз кезегінде соғыс ардагері жас ұрпақтың бейбіт өмірде бақытты ғұмыр кешуін тілеп, Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі жасай берсін деп ақ батасын берді.
Ол 1924 жылы 13 қарашада Түркістан облысында дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарынан шақырылып, 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Белоруссиядан бастап Берлинге дейінгі қан майдандарда шайқасқан.
Майдангер ауыр шайқаста көзге түсіп, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ 1-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, екінші рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Соғыстан соң 1948 жылы Норвегияның шекарасында болып, елге 1950 жылдың қараша айында оралып, Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты. Бүгінде қария 2 ұл, 3 қыз, 14 немере, 31 шөбере, 2 шөпшек тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, Түркістан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанған. Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысының 8 ардагері бар. Қарт майдангерлерге мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетілуде. Сонымен бірге тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 3 мыңнан астам ардагерге де құрмет көрсетіліп жатыр.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде