masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

8 мая, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
БөлісуТуиттеу
9 Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы Сауран ауданында жоғары деңгейде аталып өтті. «Ер есімі – ел есінде» атты шара халықтың батыр бабалар рухына деген тағзымы мен құрметінің айғағына айналды.
Салтанатты іс-шара ауданның зиялы қауым өкілдері, тыл ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастардың қатысуымен Жеңіс саябағында өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып келумен ашылып, Әнұранның асқақ әуенімен басталды. Майдан даласында жанын пида еткен қаһармандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етіліп, саябақтағы ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды.
Мерекелік жиын Жеңістің 80 жылдығына арналған арнайы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ашылу салтанатында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев құттықтау сөз сөйлеп, батыр бабаларымыздың ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбектің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Ардагерлерге бұл құрметті марапатты аудан басшылары арнайы табыстады.
Шара барысында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Ақай Тілес те сөз алып, жиналған қауымды Ұлы Жеңістің мерейтойымен құттықтап, бейбіт өмірдің қадірін ұлықтауға шақырды.
Концерттік бағдарлама барысында патриоттық әндер шырқалып, жастардың әскери-патриоттық қойылымдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Жас сарбаздардың шынайы қойылымдары арқылы ел рухын көтеріп, көрермендердің көңілін толқытты.
Previous Post

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 103 ЖАСТАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде