masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕШЕНДІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

8 мая, 2025
in Uncategorized
0
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА КЕШЕНДІ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
0
SHARES
10
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Әл-Фараби ауданында 2025 жылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жобалар іске асырылады. Оның ішінде басты назар – жаяу жүргіншілерге, көпқабатты үйлердің жай-күйіне және санитарлық тазалыққа бөлініп отыр.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылы жалпы ұзындығы 15,9 шақырымды құрайтын аяқ жол салу және жөндеу жұмыстары қолға алынады. Оның ішінде 16 басты көшеде жаңа жолдар салынып, 23 көшеде бар жолдар жөнделмек. Сондай-ақ, 13 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларында жаңа аяқ жолдар пайда болады.
Аулаларды абаттандыру шаралары да назардан тыс қалмаған. 2025 жылы 344 көшеге 2000 тонна асфальт төселеді. 32 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларына жалпы ұзындығы 7240 метр ирригациялық арық орнатылса, 120 аулаға 291 жарық бағанасы қойылады.
Қала келбетіне көрік қосу үшін 20 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылып, 9 үйге мурал салу жоспарлануда.
Тұрғын үй қоры да жаңартылып жатыр. 2025 жылы 20 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу, ал 17 үйге күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстар Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасы арқылы жүзеге аспақ.
Санитарлық тазалықты сақтау – аудан әкімдігі жұмысының маңызды бағыты. Әл-Фараби ауданы 7 секторға бөлініп, әрқайсысына жауапты маман бекітілген. «Әл-Фараби» коммуналдық мекемесі 20 техника мен 183 жұмысшыны жұмылдырып отыр. Бұған қосымша, «Таза Өлке» ЖШС негізгі көшелерді 37 техника және 217 қызметкердің күшімен тазалауда.
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/qhJGifvejRY?si=jdfO1u-33CuEnY0N
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ
Previous Post

ШЫМКЕНТ: АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬДАР МЕН КӨЛІК КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Next Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде