masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді.

8 мая, 2025
in Uncategorized
0
Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді.
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді

Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді.

Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар бойынша 5 млн теңгеге 23 әкімшілік айыппұл салынды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды. Бұл заңбұзушылықтарды жою үшін 7 ұйғарым берілді.

2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан жалпы сомасы 44,5 млн теңге болатын 556 әкімшілік айыппұл өндірілгенін айта кетейік. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1855 заң бұзушылық анықталды.

«Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу мақсатында былтыр министрлік жанынан Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Сондай-ақ су инспекторларының саны 98 адамнан 210-ға дейін артты. Оған қоса, заңнамаға да өзгерістер енгізілді. Жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға бақылау жүргізу құзыреті берілді. Құжат күшіне енгеннен кейін олар шұғыл әрекет ету шараларын қабылдай алады. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске де өзгерістер енгізіліп, су саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді»,
– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Previous Post

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР АРҚЫЛЫ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХИМИЯ САЛАСЫ ҮШІН ОҢ НӘТИЖЕЛЕР

Next Post

ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде