masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Карачи қаласында өткен бизнес-форумда 10 млн АҚШ долларына келісімшарт жасалды

7 мая, 2025
in Uncategorized
0
Карачи қаласында өткен бизнес-форумда 10 млн АҚШ долларына келісімшарт жасалды
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Карачи қаласында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің 500-ден астам бизнес және мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Форумға нақты мәмілелер мен ұзақ мерзімді әріптестікке бағытталған кәсіпкерлердің белсенділігі ерекше серпін берді. Іс-шара аясында бірнеше коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде қазақстандық Optima Development компаниясы мен пәкістандық Friesland Campina Engro арасында жалпы сомасы 10 млн АҚШ долларын құрайтын келісімшарт жасалды. Құжат Қазақстанға ірімшік, йогурт және кондитерлік өнімдер өндірісіне қолданылатын сусыздандырылған сүт майын жеткізуді көздейді.

«Бұл Пәкістанмен осындай ауқымдағы алғашқы келісімдердің бірі. Бұл бір реттік тауар жеткізу емес, ұзақ мерзімді әрі стратегиялық серіктестіктің бастауы деп есептейміз. 240 миллион халқы бар Пәкістан – Қазақстан үшін зор экспорттық әлеуетке ие ел», — деді Optima Development компаниясының бас директоры Жанат Басанұлы.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне қарасты QazTrade сауда саясатын дамыту орталығының деректеріне сәйкес, 2023–2024 жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 2,1%-ға өсіп, 53,6 млн долларға жеткен. Қазақстаннан Пәкістанға экспорт көлемі 2,1 есеге артып, 11,8 млн долларға дейін өскен. Экспорттың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдері: пияз, сарымсақ, зығыр тұқымы, бұршақ тұқымдастар және металл конструкциялар құрайды. Ал Пәкістаннан импорт көлемі 41,9 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде цитрус жемістері, дәрілік препараттар мен тоқыма бұйымдары бар.

Сондай-ақ, форум аясында Қазақстанға Карачи мен Гвадар порттарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін Транзиттік сауда туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат екі ел арасындағы жаңа көлік-логистикалық бағыттарды дамытуға және экономикалық байланысты нығайтуға негіз қалайды.

Previous Post

Тюльпаны – символ степей

Next Post

Бизнес-форум в Карачи завершился контрактом на 10 млн долларов США

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде