masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

7 мая, 2025
in Uncategorized
0
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті
0
SHARES
6
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметкер, 200-ден аса әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысты.

Шеруге Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жұмылдырылды. Әр шеру құрамында 156 әскери қызметкер сап түзеді. Парад соңында 300 музыканттан тұратын біріккен әскери оркестр дефиле жасап, шараны қорытындылады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған бұл әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының біріне айналды.

Астана тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш негізгі орыннан – ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан), Қалалық алаң (Астана әкімдігі ғимаратының алды), Astana Music Hall (Құмыра) автотұрағы, Б. Момышұлы даңғылы, 1 – тікелей трансляция көрсетілді.

Парад аяқталған соң, сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттер өтіп жатыр.

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

Парадқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, Қазақстан Қарулы күштерінің үздік бөлімшелері, Құрмет қарауылы ротасы, Қарулы күштер мен басқа да әскер және құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келіп, Астанадағы әскери парадқа құрметті қонақ ретінде қатысты.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Next Post

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға алып келді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде