masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ӘСКЕРИ ТӘЛІМГЕР — ЕРЕЖЕПОВ

7 мая, 2025
in Uncategorized
0
ӘСКЕРИ  ТӘЛІМГЕР —    ЕРЕЖЕПОВ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

35748 әскери бөлімінде өз ісіне жоғары кәсібилікпен және адалдықпен қарайтын әскерилер көптеп саналады. Солардың бірі ретінде екінші сыныпты сержант Қанат Ережеповті айтуға болады.

Артиллериялық дивизионның сержанты қызметтік міндеттерін сапалы орындап қана қоймай, сонымен қатар мерзімді қызметке шақырылған жас сарбаздармен тәрбие және оқу жұмыстарын ұйымдастырып өткізуде маңызды рөл атқарып жүр.

Әскер қатарындағы 20 жыл қызмет барысында Канат Ережепов жоғары әдістемелік дайындығы бар сержант ретінде өзін таныта білді. Ол тек білім беріп қана қоймай, бағынышты бөлімшеде сержанттық құрам жұмысының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Жеке құраммен жұмыс жүргізуде оның әдісі жауапкершілікпен, жүйелілікпен және әскери қызметтің басым бағыттарын терең түсінумен ерекшеленеді.

Ол әсіресе мерзімді қызметке жаңадан шақырылған жас сарбаздарға ерекше назар аударады. Жыл сайын олардың даярлығына белсенді қатысып, көптеген сарбаздар үшін әскери өмірдегі алғашқы нағыз тәлімгерге айналды. Оның басшылығымен жас артиллеристер тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар жауынгерлік дайындық тапсырмаларын сенімді орындауға көмектесетін практикалық дағдыларды да жетік меңгеріп жүр.

Ережеповтың сабақтары дайындықтың жоғары деңгейімен, ұсақ-түйекке дейін мән беруімен және күрделі ақпаратты қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізе білуімен ерекшеленеді. Бұл жас жауынгерлерге әскери қызметке тез бейімделуге және өз-өзіне сенімді болуға мүмкіндік береді.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Next Post

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР АГРЕГАТОРЛАР АРҚЫЛЫ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ 138 МЫҢНАН АСТАМ ТАПСЫРЫС БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде