masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҰРАН АУДАНЫ 2026 ЖЫЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

6 мая, 2025
in Uncategorized
0
ТҰРАН АУДАНЫ  2026 ЖЫЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының қарқынды дамып келе жатқан Тұран ауданы алдағы екі жыл ішінде толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Асылжан Дәулетханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында баяндады.
Бүгінде аудан халқының саны 232,7 мың адамға жетіп отыр. 21 шағынауданды біріктіретін аумақта 39 мыңнан астам жеке үй және 544 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауданның жалпы аумағы – 36 300 гектарды құрайды.
Қазіргі уақытта инфрақұрылым бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Ауыз сумен қамту көрсеткіші қазірдің өзінде 98,5%-ға жетсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 100%-ды құрайтын болады. Құрсай және Айкөл шағынаудандарындағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, бұл бағыт толықтай шешімін таппақ.
Табиғи газбен қамту көрсеткіші – 85,7%. Қазірде Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағынаудандарында тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы ауданның барлық аумағы көгілдір отынға қосылады.
Электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2026 жылдың соңына дейін Құрсай шағынауданы да жарыққа қосылып, аудан 100% электрмен қамтылады.
Ал кәріз жүйесімен қамту деңгейі қазіргі таңда 57,1%-ды құрайды. 2024 жылы Түркістан шағынауданы мен Қазыбек би көшесінде құрылыс жұмыстары басталған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/od17GKsaJ4A?si=82FZEdujsc75oDbo
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ

Previous Post

ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР: ҚЫТАЙ, ЕАЭО ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯМЕН САУДА

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ «ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде