masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

6 мая, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Құрылғанына үш жылдың жүзі болған Тұран ауданында ауқымды жұмыстар атқарылды. 21 шағын ауданнан тұратын аумақта бүгінде 232 мыңнан астам халық тұрады. Инфрақұрылым бойынша да айтарлықтай ілгерілеу бар. Атап айтсақ, ауыз сумен қамту 98,5 пайызға, электрмен – 95,2 пайызға, ал табиғи газбен қамту – 85,7 пайызға жетіп отыр. «Құрсай, Айкөл және Жаңаталап шағынаудандарын сумен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштер 100%-ды құрайды деп күтілуде» — дейді аудан әкімі Берік Әшірбеков.

Табиғи газбен 18 шағын ауданы қамтылған. Қалған газбен қамтылмаған үш аудан, Жаңаталап, Құрсай және Айкөл шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып қалған. Жоспар бойынша 2026 жылы магистралды көшелерді газға қосу жұмыстары жүргізіледі.

Жол мәселесі мен көше жарығы да ауданда назардан тыс қалмаған. Биыл 126 көшеге асфальт төселіп, асфальтталған көшелердің үлесі 96 пайызға жетпек екен. Сонымен қатар, 35 көшеге 21,1 шақырым аяқ жол салу жоспарланса, 23 көшеге 20 шақырым шағал тас, 22 көшеге ирригация жүйесі орнатылмақшы екен. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өткен жылы 681 көше жарықтандырылып, бұл көрсеткіш 95 пайызға жеткен болса, биыл 65 көше толық жарықтандырылып, аудан 100% жарықпен қамтылатын болады.

Ауданда тұрғындар демалатын алаңдар мен балаларға арналған ойын алаңшалары көбейіп келеді.

— 2025 жылы 33 жаңа жоба іске асады. Оның ішінде 18 балалар ойын алаңы, 13 спорттық және ойын алаңы, 2 көпшілік демалыс орны бар. Сонымен қатар, үш жаңа гүлзар салынады. Аудан көркіне көрік қосатын жұмыстар жалғасып жатыр, — дейді Берік Айдарұлы.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЖ ЖҮЙЕСІНІҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: В РАЙОНЕ ТҰРАН ОБНОВЛЯЕТСЯ ИНФРАСТРУКТУРА И СТРОЯТСЯ НОВЫЕ ЗОНЫ ОТДЫХА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде