masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖАҢА ТУҒАН СӘБИГЕ БІРНЕШЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

6 мая, 2025
in Uncategorized
0
ЖАҢА ТУҒАН СӘБИГЕ БІРНЕШЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2025 жылдың 14 наурызында Шымкент қалалық Перинаталды орталықта салмағы 3255 грамм болатын ұл бала дүниеге келді. Алайда сәбидің жағдайы өте ауыр болғандықтан, бірден жаңа туған нәрестелер реанимациясына ауыстырылды.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестеде ішкі ағзалардың туа біткен күрделі ақауы анықталған. Атап айтқанда, ішектің бір бөлігі дамымаған (атрезия), ішек ішінде кистозды түзіліс болған және ол жарылып кеткен. Бұл іште іріңді қабыну процесіне – перитонитке әкелген. Сонымен қатар, сәби оң жақтағы аталық бездің қабынуы (орхоэпидидимит) секілді тағы бір ауыр диагнозбен түскен.
Хирургтар шұғыл түрде бірнеше күрделі ота жасады: зақымданған ішек бөлігін алып тастап, жаңа ішек жалғауын (анастомоз) орнатты, сондай-ақ ішектің сыртқа ашылатын жолын – энтеростома жасады. Сонымен бірге, аталық без аймағына дренаж қойылды. Күрделі отаны перинаталды орталықтың неонаталды хирургы Ержан Байдуллаев жасап шықты.
Айта кетейік, сәби 38 апталық жүктілікте кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Оған қоса, жатырішілік инфекция мен жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы да анықталған.
Сәби неонаталды хирургия бөлімі мамандарының жіті бақылауында болып, тиісті ем —шараларын алғаннан соң үйіне шығарылды. Дәрігерлер баланың жағдайын жақсы деп бағалап отыр.

Previous Post

НОВОРОЖДЁННОМУ РЕБЕНКУ БЫЛО СДЕЛАНО НЕСКОЛЬКО СЛОЖНЫХ ОПЕРАЦИЙ

Next Post

ШЫМКЕНТ: «ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ» ПАТРИОТТЫҚ КЕШІ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде