masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ДӘРІГЕРЛЕР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗДІ

3 мая, 2025
in Uncategorized
0
ДӘРІГЕРЛЕР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН  ӨТКІЗДІ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында ақ халаттылар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №6 емхананың терапевт, лор, хирург, невропотолог, гастроэнтеролог, медибикелерден құралған бригада еңбек майданының еңбеккерлерінің үйіне барып, медициналық профилактикалық тексерістен өткізді.

Олардың қатарында жеңісті жақындатуға үлес қосқан Загира Бекмурзаева бар. Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Ақмарал Құралқызы жасы 90-ға шыққан кейуананың хал-жағдайын сұрап, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлағаны үшін алғысын білдіріп, сый-сияпатын жасады.

–Емханамызда 60-мыңнан аса тұрғын тіркелген. Қарт адамдардың денсаулығы дәрігерлеріміздің жіті бақылауына алынған. Соның ішінде аумақта 26 тыл ардагері тұрады. Ең қартының жасы 99-да. Мерекеде ғана емес, олардың әрқайсысының жағдайын дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлеріміз үйіне барып бақылап, тексеріп, ем-домын тағайындайды. Бүгін мереке қарсаңында арнайы мамандандырылған дәрігерлер тобы тыл ардагерлерін профилактикалық тексеруден өткізді. Қандағы қант мөлшері мен холестерин, қан қысымын тексерді, ЭКГ жасады, барлық қажетті талдаулар алынды. Оларды қуанту үшін шағын сыйлықтарымызды да ұсындық, — деп атап өтті.

Ұлағатты ұстаз Загира Бекмурзаева әрдайым ықыласпен көмегін көрсететін емхана ұжымына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Тағы бір тыл ардагері – Маржан Махмудованың балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген. 7 ұл-қыз өсіріп, одан 20-ға жуық немере-шөбере көрген ардагер жағдайын сұрап, қан қысымын өлшеп, денсаулығын назарда ұстайтын медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді, батасын беріп, тылда еңбек еткен жылдардағы естеліктерімен де бөлісті.

Previous Post

ЖЕҢІС КҮНІН ЖАҚЫНДАТҚАН ҚАРИЯ ҚҰРМЕТ-ҚОШАМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Next Post

ҰМЫТЫЛМАС ЕРЛІК — ҰРПАҚ ЖАДЫНДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде