masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИРАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

2 мая, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИРАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесті. Тараптар Түркістан облысы мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың маңызды тұстарын, соның ішінде сауда, туризм, және екі ел арасындағы көлік тасымалы, сондай-ақ Түркістанмен өңіраралық қатынастарды орнатудың бағыттарын талқылады.
Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасының еліміздің сыртқы сауда қатынастарындағы маңызды рөлін атап өтті. Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін жеткізді.
– Түркі елдерінің астанасы Түркістан қаласына қош келдіңіз! 2018 жылы құрылған Түркістан облысының аумағы пайдалы қазбалар мен кен орындарына бай, өңірдің табиғи — климаттық жағдайы қолайлы, ауыл шаруашылығымен жыл бойы айналысуға мүмкіндік береді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканың өсуі мен әртараптандырылуына қол жеткізудің негізгі факторларының бірі – инвестициялар тарту және индустрияны дамыту. Түркістан облысымен Иран Ислам Республикасының өңірлері арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды. Облыста шетелдік компанияларының өндірістерін ұйымдастыру үшін дайын инфрақұрылымы бар индустриалды аймақтар бар. Біз өзара тиімді сауда – экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз және Ираннан келген компаниялар үшін бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
Кездесу соңында тараптар барлық өзара тиімді бағыттар бойынша ынтымақтасуға дайын екендерін айтты.
Previous Post

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ МАЖАРСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТ АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

Next Post

Түркістанда «АЙБЫН-2025» әскери-патриоттық ойындары өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде