masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

25 апреля, 2025
in Uncategorized
0
ҚАЛА ӘКІМІ  БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында Еңбекші ауданындағы «Beta international» ЖШС-нің шай құрамын қалыптастыру және шығару өндірістік желісімен танысты. Кәсіпорын ай сайын 300 тоннадан астам өнім шығарады және 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта компания өнім түрлерін кеңейтіп, өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ, «Көксай-2» шағынауданындағы инфрақұрылымның қазіргі жағдайын тексерді. Ластанған судың «Бадам» және «Қошқар-Ата» өзендеріне ағуын болдырмау мақсатында жауапты тұлғаларға нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Әрі қарай Әл-Фараби ауданында «Локомотив» спорт кешеніне барды. Мекеме басшылығы нысанды күтіп-ұстау жоспарымен таныстырды, оның ішінде жүгіру жолақтарының жамылғысын ауыстыру мәселесі де айтылды. Айтылған мәселелерге қатысты қала басшысы киім ауыстыру бөлмесін жөндеу және кешен аумағын абаттандыруды күшейту қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар қалалық зообаққа да барды. Жануарларды күтіп-ұстау және денсаулығын сақтау жағдайымен танысып, вольерлерді қарап шықты. Әкім зообақты дамыту бойынша ұсыныстарды тыңдаған Мәдениет басқарма басшысына зообақты дамытудың қысқа мерзімді жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ бос аумақтарды көгалдандыруды тапсырды.
-Зообақ қазіргі талаптарға сай болуы және тұрғындар үшін сүйікті отбасылық демалыс орнына айналуы тиіс деп санаймын,-деді әкім өз сөзінде.
Қала әкімі аралау барысының соңында «Қайтпас-2» шағынауданындағы Жусан көшесінің жағдайымен де танысты. Танысу нәтижесінде, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына топырақ шөгуінің себептерін анықтап, салдарын жоюды тапсырды.
Previous Post

ӘЛЕМНІҢ 15 БЕДЕЛДІ ОҚУ ОРНЫНАН ҰСЫНЫС АЛҒАН - МАДИЯР

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ 3 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде