masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 196,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ӨСТІ

23 апреля, 2025
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 196,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ӨСТІ
0
SHARES
18
VIEWS
БөлісуТуиттеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тікелей қадағалауымен инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр.
Түркістан олблысында биылғы 3 айда қысқамерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап (2 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі қалыптасты. Жыл басынан бері өңірге 196,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе жоғары.
Облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін және 2025-2028 жылдары жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Жобалардың жалпы құны – 2,3 трлн. теңге. 19 783 жұмыс орнын ашып, қосымша 84 млрд. теңге салық түсіру көзделген. Оның ішінде, биыл 322 млрд. теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске қосып, 6908 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Өңірде қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалуда. Биылғы 3 сәуірде бизнес-форум өтіп, 6 елден 100-ден аса инвестор қатысты. Инвесторларға облыстың әлеуеті хабарланып, мемлекеттік қолдау шаралары баяндалды. Маңызды жобаларды бірге іске асыру үшін келіссөздер жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Previous Post

Кітап – алтын қазына

Next Post

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА "ТАЗА АУЛА" АПТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде