Президенттің Шымкенттегі іс-сапарында жұртшылық қалада Мәдениет және өнер университетін ашуды ұсынды. Бұл ұсынысты Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап отыр.
Мемлекет басшысы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырма берді.
Айта кетейік, үш мегополистің бірі Шымкентте Қазақстан мен Орта Азиядағы бірінші педагогикалық мәдениет институты болған.
1967 жылы Шымкент педогогикалық мәдениет институты ашылған. 1996 жылы Қазақстан жоғары оқу орындарын оңтайландыру реформасына орай қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ құрамына кіріп, бүгінде Мәдениет және өнер факультеті болып отыр.
Енді міне, Президенттің қолдауының арқасында Шымкентте Мәдениет және өнер университеті қайта ашылып, еліміздің, оңтүстік өңірдің мәдени-рухани дамуына септігін тигізеді деп сенеміз.



