СУ ТАСҚЫНЫ ЖӘНЕ СУ БАСУ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ ӘРЕКЕТ ЕТУ КЕРЕК?
•Төтенше жағдай туралы ресми ақпаратты БАҚ арқылы мұқият тыңдап, әрекет ету тәртібін біліңіз.
•Көршілеріңізге ескертіңіз.
•Мүгедектерге, балаларға және егде жастағы адамдарға көмек көрсетіңіз.
•Жергілікті атқарушы органдардан эвакуациялау орындары туралы ақпарат алыңыз.
•Қажетті заттарды алдын ала жинап қойыңыз.
•Құжаттарды, жылы киімдерді, қажетті заттарды және бірнеше күнге жететін азық-түлік қорын жинаңыз.
•Дәрі-дәрмектерді ұмытпаңыз.
•Барлығын чемоданға немесе рюкзакқа салыңыз.
•Құжаттарды су өткізбейтін қапшықта сақтаңыз.
•Электр құрылғыларын ажыратып, газды өшіріңіз.
•Құнды заттар мен азық-түлікті жоғарғы қабаттарға немесе жоғары сөрелерге қойыңыз.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескертпесіне құлақ түріңіз және Төтенше жағдайлар кезінде 101, 112 байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз!