masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛУДЕ

2 апреля, 2025
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛУДЕ
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілген болатын. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері – оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру. Шымкент қаласында қазіргі уақытта 300 педагог-кәсіптік бағдар беруші 7-сыныптан бастап оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесуде. Сонымен қатар, 40 (мемлекеттік — 12, жекеменшік-28) колледжде кәсіби бағдар берумен арнайы қызметкерлер айналысады. Оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау бойынша диагностикалау жұмыстары қолға алынған.

Қалалық білім басқармасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе сапалы және тиімді кәсіптік бағдарлау шеңберінде жылдық жоспарлар түзіп, бірқатар іс-шаралар атқаруда. Мектеп оқушылары үшін кәсіпорындарға экскурсиялар, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, еңбек ардагерлерімен тұрақты кездесулер ұйымдастырылып жатыр. 2025 жылы да осы бағытта тиімді және нақты жұмыстар жүргізілмек.

Айта кетсек, ерте кәсіби бағдарлау жұмыстарының нәтижесінде қала оқушыларының IT саласына қызығушылығы артқаны анықталып отыр.

Previous Post

ЯРМАРКА НЕДВИЖИМОСТИ В ШЫМКЕНТЕ!

Next Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде
imunify-bot-check