Керемет жаңалық! 17 наурыздан бастап жұмысшы мамандық иелері тұрғын үйге өтінім бере алады.
Өтінімдер Банк бөлімшелерінде қабылданады.
Өтінімді қалай беру керек?
— Банк филиалына жүгіну;
— Жұмыс орнынан анықтама ұсыну (үлгісі otbasybank.kz сайтында жарияланады).
Кімдер қатыса алады?
Бағдарлама келесі салалардағы жұмысшы мамандық иелерін қолдайды:
— өнеркәсіп;
— энергетика;
— көлік;
— ауыл шаруашылығы;
— су ресурстары.
Офис қызметкерлері (PR-менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) қатыса алмайды.
Қатысу шарттары:
— Отбасы банкінде депозит ашу (егер әлі ашылмаған болса);
— Депозитті 2 млн теңгеге дейін толықтыру (өтінім берер алдында толық соманы енгізуге болады);
— Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы;
мүшелеріңізде тұрғын үйдің жоқтығын тексеруден өту;
— Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау.
Отбасы мүшелері – жұбайы/зайыбы және кәмелетке толмаған балалары. Егер үміткер некеде тұрмаса, тек өзі тексеріледі.
Несие шарттары:
— Астана және Алматы – 36 млн тг дейін;
— Облыс орталықтары – 30 млн тг дейін;
— Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады;
— Ауылдық аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі;
— Бастапқы жарна – 10%-дан бастап, егер пәтер таза әрлеуде болса.
Несие мөлшерлемесі:
— 7% (СЖТМ 7,1–9,6%) – әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға;
— 9% (СЖТМ 9,4–13%) – барлық басқа үміткерлер үшін;
— Несие мерзімі – 19 жылға дейін;
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
— Бірінші нарықтағы тұрғын үй – Астана, Алматы және облыс орталықтарында;
— Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үй – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде (бөлінген қаражаттың 30%-ына дейін).
Өз баспанасына бір қадам жақындаңыз!
Өтінімдер қабылдау 17 наурызда басталады.
#наурызжумыскер



