masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

6 марта, 2025
in Uncategorized
0
ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында аудан әкімі Р.Мүлкеманов мереке қатысушыларын құттықтап, белсенді азаматшаларды, көпбалалы аналарды, үздік қызметкерлерді арнайы мерекелік сыйлық және алғыс хатпен марапаттады.
«Әйелдер — әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету — қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек.
Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямаған әйелдер аз емес. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгінде ел мақтанышы» , — деді аудан басшысы.
Қаратау аудандық мерекелік іс-шараға аудандық мемлекеттік орган қызметкерлері, тыл және еңбек ардагерлері, тазалық мекемелері қызметкерлері, білім мен денсаулық саласы өкілдері, көпбалалы аналар қатысты. Барлық қатысушыларға мерекелік құттықтау хаттар, гүлдер мен сыйлар және арнайы мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
Аудан әкімі аталған бағыттағы мерекелік бастамалар аудан аумағында мереке күндері де жалғасын табатындығын айтты.

Previous Post

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ТҰРАҚТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Next Post

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде