masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ БИІ МЕН ДӘСТҮРЛІ ӘНІ ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА ТОҒЫСТЫ

26 февраля, 2025
in Мәдениет, Қоғам
0
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ БИІ МЕН ДӘСТҮРЛІ ӘНІ ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА ТОҒЫСТЫ
0
SHARES
19
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте «Шымкент концерт» концерттік ұйымы филармониясы ұйымдастырған «Шымкент сазы» дәстүрлі өнер кеші өтіп, қазақтың бай мәдени мұрасын, дәстүрлі өнерінің бес мектебінің шабыты мен рухын сөйлетті. Бұл іс-шарада елдің танымал этно-фольклорлық және халық би ансамбльдері, сондай-ақ дәстүрлі ән орындау шеберлері өнер көрсетіп, тыңдармандарға нағыз ұлттық рух пен сезімді сыйлады.
Кеш бағдарламасында «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі, «Қаратау» фольклорлық ансамблі және «Қазына» халық би ансамблі сахнада бір-бірімен үйлесімділікпен өнер көрсетті. Әр ансамбль өзінің бірегей стилі мен шеберлігін көрсетті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің тереңдігі мен көпқырлылығын тыңдармандарға жеткізді. Ән шырқалып, күй төгілді. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі өнерінің бес мектебінің өнері кеңінен көрсетілді. Әрбір мектептің өзіне тән ерекшелігі, ырғағы мен әуені, тарихи және мәдени ерекшелігі сахнада көрініс тапты.
Осындай іс-шаралар қазақ мәдениетін жандандырып, өскелең ұрпаққа ұлттық мұраны сақтап, жеткізуге зор үлес қосатыны сөзсіз. «Шымкент сазы» кеші – тек өнер кеші ғана емес, ол қазақтың рухани байлығы мен бірлігіне септігін тигізетіні, кештің нәтижесінде, тыңдармандар мен өнер сүйер қауым арасында ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен махаббаты артқаны да сөзсіз.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 160 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК АЛДЫ

Next Post

Молодежная политика Казахстана: трудоустройство, жилье и карьерный рост

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде