masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

24 февраля, 2025
in Uncategorized
0
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
15
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Наурыз айындағы мерекелердің іс-шаралар жоспары, Жобалық офис платформасындағы көрсеткіштер мен жоспарлар, Ұлттық жобалар аясында жұмыс орындарын құру барысы талқыланды.
Қала әкімінің орынбасары С. Құранбек мерекелік бағдарламаларды таныстырды. Наурыз айында қаламызда мәдени-бұқаралық, танымдық, ұлттық, спорттық, ақпараттық-имидждік бағытта 93 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Мегаполис басшысы халыққа айрықша мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін бұқаралық сипаттағы бағдарламаларды заманауи талаптарға сай қызықты етіп ұйымдастыруды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық офисінің басшысы Т. Леспекова көрсеткіштердің орындалуымен қатар биылғы жоспарлармен бөлісті. Былтыр 256 нысаналы көрсеткіш бекітілген болса, бүгінде оның 245-і орындалып, қалғаны орындалмаған. Ғ.Әбдімәжитұлы тапсырмалардың сапалы орындалуын қадағалауда, жұмысты тиімді ұйымдастыруда бірқатар тапсырма берді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ж. Өтебаева жұмыс орындарын құру барысын, алдағы жоспарды баяндады. Былтырға бес тұжырымдама және қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары шеңберінде 113 жобада 3 140 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, нақты 2 623 орынға азаматтар жұмысқа орналасқан. Қала әкімі бұл ретте ұсынылған сандардың шынайылығын қадағалап, жұмыс орындарырының құрылуын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

Next Post

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРІС – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТІРЕГІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде