masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

20 февраля, 2025
in Қоғам
0
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
0
SHARES
5
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін Шымкент қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында жаппай тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен коммуналдық мекеме қызметкерлері бірігіп, шаһар көшелерін, арық-атыздарды тазалады. Әсіресе, Әл-Фараби ауданы бойынша Түркістан көшесінің бойындағы тазалық жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізілді. Қыстан кейінгі табиғаттың жаңаруы мен қала көшелерінің көркейтілуі тұрғындардың көңілін көтеріп, бір серпілтіп тастады.

Бұл игі бастамаға қала тұрғындары, жастар және ардагерлер де белсенді түрде қатысты. Олар тазалықтың тек қоршаған ортаны күтіп ұстау ғана емес, сонымен қатар, келер ұрпаққа экологиялық мәдениет қалыптастырудың маңызды құралы екенін атап өтті. Шараға 10 техника жұмылдырылып, жиналған қоқыстар арнайы қаптарға салынып, коммуналдық қызметкерлердің көмегімен арнайы орындарға шығарылды. Қоғамдық орындардағы орындықтар, гүлзарлар ретке келтірілді.

Акция барысында қала тұрғыны, Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамадин Рысбай ата өз ойымен бөлісті:
— Тазалық адамның көңілін ашады. Біздің кезімізде сенбілік өткізу дәстүрі бар еді. Бүгінгі акция сол дәстүрдің жалғасы іспетті. Жастарды осындай шараларға жиі қатысуға шақырамын. Қала – өзіміздің ортақ үйіміз, оны таза ұстау – әр азаматтың борышы, — деді ол.

Осындай игі шараларға тұрғындардың белсенділікпен қатысуы – елдің экологиялық мәдениетінің жоғарылап келе жатқанын көрсетеді. Табиғатқа жанашырлық – әрбір азаматтың парызы. “Таза Қазақстан” акциясы мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да жалғасын табатынын игі іс. Қала тұрғындары да тазалыққа қуана атсалысып, келешекте тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Previous Post

АБАЙ АУДАНЫ: АСАР ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Next Post

Қазақстан жаһандық ынтымақтастықты нығайтуда: 2024 жылғы сыртқы саясаттың негізгі жетістіктері

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде