masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

17 февраля, 2025
in Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЛИЦЕНЗИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарға лицензия беру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің өкілі Амантай Майрамов, Халықты әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.
2024 жылы Шымкент қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 11 орталық және басқармамен келісімшарт негізінде 8 үкіметтік емес ұйым мүгедектігі бар балалар мен ересектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті.
Министрліктің 2024 жылғы 28 маусымдағы №230 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық орталық лицензия алуы тиіс.
Жиын барысында лицензия алу барысында кездесетін кедергілер талқыланды. Мемлекеттік мекемелер қажетті құжаттарды жинақтап, лицензиялауға сәйкестендірілген. Алайда, үкіметтік емес ұйымдардың кейбірі министрлік бекіткен талаптарға сай келмеуіне байланысты лицензия алу мәселесі күрделі болып отыр.
ҮЕҰ басшылары лицензияға қажетті құжаттарды кезең-кезеңімен реттеуге мүмкіндік беруді ұсынды.
2024 жылы Шымкент қаласында ҮЕҰ-дан 150 мүгедектігі бар бала мен ересек азамат қызмет алды.
Егер ҮЕҰ лицензия ала алмаса, олардың қызмет алушылары мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына орналастырылады. Жиын барысында ҮЕҰ-ға лицензиялау үдерісін жеңілдету жолдары талқыланды.

Previous Post

ҚАЛА ӘКІМІ АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР 4 АЙЛЫҚ СӘБИГЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде