masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

25 ноября, 2024
in Қоғам
0
АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орталығының және кепілдік міндеттемелік мерзімі бар жолдарға қатысты жұмыстар, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау шаралары талқыланды. Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаев аталған орталықтың және қаңғыбас иттерді азайтуда атқарылған жұмыстарды баяндады. Қала әкімі сала басшысына орталық жұмысын жүйелеп, өзекті мәселені түбегейлі жоюда нақты тапсырмалар берді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Ибрагимов жолдарды қайта қалпына келтіру бағытында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілген 543 нысан кепілдік мерзімінде тұр. Мониторинг жүргізу барысында 23 нысанда ақаулар пайда болғаны анықталды. Қала басшысы жауаптыларға жолдарды қайта қалпына келтіруде салғырттық танытқан мердігер компанияларға, жолдарды рұқсатсыз бұзған кәсіпкерлерге қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. Бұл ретте әріптестеріне бюджет қаражатының бос шығындалмауын қадағалауды қатаң ескертті.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 920 ТҰРҒЫНҒА ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛЕДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: БІР КҮНДІК СӘБИДІҢ ӨҢЕШІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде