masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ БІР ТОП АЗАМАТҚА КӨМЕКТЕСТІ

14 ноября, 2024
in Қоғам
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ДЕПУТАТ БІР ТОП АЗАМАТҚА КӨМЕКТЕСТІ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты, фракция мүшесі Шыңғыс Қозбахов азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындардың дені әлеуметтік көмек сұрағандар болды.
Тұран-2 шағын ауданының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі жұмыс табу мәселесін көтерді. Азамат кіріс болмағандықтан өмір сүру деңгейінің күрт төмендегенін айтып, депутаттан көмек сұрады. Депутат оның мәселесімен танысып, оны «Табысқа апарар жол» акциясына қатысуға шақырып, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдауды алу үшін Кәсіпкерлік басқармасының бақылауына алынатынын түсіндірді. Бұл бағдарлама аясында азамат кәсіп ашуға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер ала алады.
Шыңғыс Қозбаховпен кездескен тағы бір тұрғын – жалғыз басты ана өз қиын жағдайын баяндап, Тассай елдімекенінде орналасқан жатақхананы жекешелендіруді сұрады. Депутат бұл мәселеге қатысты мұқият зерделеу жұмыстарын жүргізетінін айтып, тиісті мемлекеттік бағдарламамен көмек көрсетілетінін жеткізді. Мұндай жағдайларда заңды жолмен шешім қабылдау өте маңызды екені атап өтті.
Қабылдауға келген тағы бір азамат несие алып, оны төлеуде қиындықтарға тап болғанын жеткізді. Әсіресе, жеке баспана мәселесі оған қаржы тапшылығынан шешілмей отырған. Бұл мәселені тыңдаған депутат, азаматқа өз қаражаты есебінен бір реттік қаржылай қолдау көрсететінін айтты.
Шыңғыс Қозбаховтың айтуынша, партияның басты міндеті – азаматтардың мәселелерін тыңдау, оларды шешу жолдарын қарастыру және әлеуметтік жағдайларының жақсаруына қолдау көрсету. «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуді басты мақсат етіп қойып, өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.

Previous Post

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТЕДІ

Next Post

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде