2024 жылы қала аумағында 13 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 6 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Атап айтқанда: Бозарық ш/а — 2 нысан,Тұран ш/а – 3 нысан, Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан.
Қалған 7 нысанның (Бозарық – 6 нысан, Ақжайық ш/а – 1 нысан) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 52 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 61 үйге 2-кезек) жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.
Қоса кететін ,Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, қаланы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтылып, нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға артты.
Ендігі кезекте, 2024 жылы қаланың ауыз сумен қамтылмаған қалған елді мекендерін толық ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ды құрайды.
2023 жылдың қорытындысымен шағын аудандар және көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті. Сонымен қатар 2024-2025 жылы 6 шағын ауданның кәріз жүйесіне жобалау сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.
Электр жүйесі бойынша 81 елді мекен толық әрі сапалы электр қуатымен қамтылған. Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті. Сонымен қатар 2024 жылы 4 елді мекеннің жаңақұрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарланған.
54 елді мекен табиғи газбен қамтылған, 24 елді мекен көгілдір отынмен жартылай қамтылған. Қазіргі танда табиғи газдын көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. 2024-2025 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4%-ға жеткізу жоспарлануда.
Шымкент қаласы аумағында тозу деңгейі 37%-ы құрайтын 838,6 км жылу құбырлары бар. Сондай-ақ 23 қазандық және 17 сорғы стансасы бар:
— 23 қазандықтың тозу деңгейі – 30,5%-ды құрайды.
— 17 сорғы стансалары тозу деңгейі – 41%
Биыл жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында, 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2 нысан бойынша (Адырбеков, Нұрсат) 4,5 км жылу жүйелеріне реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жыл қорытындысымен 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Осыған орай, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді.
2024-2025 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында 30,0 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.
Мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты айтар болсақ, бүгінде дейін игерілмеген, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе тиісті құжаттары ресімделмей пайдаланылған жер телімдері анықталды. Осыған байланысты 460 жер телімін құзыретіне сәйкес тексеру үшін Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 53 хат жолданды.
2024 жылдың 8 айында Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаментіне 131 жер учаскесі бойынша басқарма құзыреті шегінде қарау үшін тиісінше 20 хат жолданды.