Шымкентте түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында ондаған көпқабатты үй тұрғызылып, халық саны да артып келеді. Сәйкесінше балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік нысандарға сұраныс жоғары. Осы орайда шаһарда әлеуметтік нысандар құрылысын салуда ауқымды істер қолға алынған.
Білім саласы нысандары:
Бүгінгі таңда қаладағы мектеп саны 275 құрап отыр (мемлекеттік 150, жекеменшік — 125). Ондағы білім алушылар саны 259 173. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 206 286 оқушы (79,6%), жекеменшік білім ордаларында 52 887 оқушы (20,4%) білім алуда.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты мектептердегі білім алушылардың 2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы жалпы 56,8%-ды құрады. Бұл көрсеткіш Республика деңгейінде жетінші орынды көрсетеді. 2022-2023 оқу жылында 56,2% болған, 0,6%-ға артып отыр. (Негіздеме: «Күнделік. kz» электронды журналы).
Бүгінгі таңда қалада үш ауысымда білім беретін мектеп жоқ.
2024 жылдың сәуір айында 1 мектеп ғимараты техникалық сараптама қорытындысы негізінде аппатты деп танылды. Бүгінгі таңда мектеп ғимаратына қосымша зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Шымкентте білім нысандарының құрылысын жүргізу жоcпарланған. Оның ішінде: Жаңа құрылыс – 7 нысан, атап айтсақ, (№39 (375 орын), №50 мектептерге қосымша ғимараттар (575 орын), Тельман 1200 орындық мектеп, Тұран ш.а.
2 оқушылар сарайы-500 орын, Сайрам шағын ауданындағы №10 колледжге қосымша ғимарат-300 орын, №2 мектеп-интернат — 40 орын, С.Рахимов атындағы мектеп) бар. Ал күрделі жөндеуден – 5 нысан өтеді. (№8, 48, 80, 120 мектептер, Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты).
Осы аталған нысандардың 4-еуі биылғы жылы пайдалануға тапсыру жоспарланған. Қалған 3 нысанның құрылысы (№50 мектепке қосымша ғимарат, Тельман 1200 орындық мектеп, С.Рахимов атындағы мектеп) 2025 жылы аяқталады. Ал, 4 күрделі жөндеу нысандары толығымен жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылса, қалған 1 нысан құрылысы (Шымкент аграрлық-техникалық колледж ғимараты) 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 4 200 орынға арналған 12 білім нысандарының жобалау-сметалық құжаттары дайын. Нақтырақ айтар болсақ, № 16, 19, 25, 41, 53, 66, 68, 82, 116, 121, 122 мектептерге қосыша ғимараттар және Сайрам т.а. 300 орынға арналған жатақхана құрылысы бар.
Бұдан бөлек, 4 күрделу жөндеу нысандарының (№ 96 мектепті күрделі жөндеу, № 126 балабақшаны күрделі жөндеу, №1 лицей-интернатты күрделі жөндеу, №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын күрделі жөндеу) ЖСҚ-сы әзірленуде.
Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылуда. Соның ішінде, 11 мектептің (15 800 орын) құрылысын 2024 жылы ал, 7 мектептің (12 200 орын) құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Мәдениет саласы:
5 мәдениет нысандарының құрылысын салу жопарланған болатын. Олар: Өтеміс, Базарқақпа, Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарындағы мәдениет үйлерінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Бәйдібек би №115/1 ғимаратын қайта құру құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, Опера және балет театрының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.
Спорт саласы:
2 спорт нысаны, олар №12 спорт мектебі және №15 спорт мектебінің құрылысы жүргізілуде. Биыл №12 спорт мектебі аяқтау жоспарланған. №15 спорт мектебінің құрылысы келесі жылы пайдалануға берілетін болады.
Сондай-ақ, Тұран шағын ауданы 5 га жер учаскісінде көпфункционалды теннис орталығы жобалау-сметалық құжаты дайын. Ал екінші жоба «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» және паралимпияда, сурдолимпияда спорт кешенінің құрылысының жобалау құжаты әзірленуде.
Қоса кететін, Қаламыздағы бұқаралық спорттың дамуы спорттық инфрақұрылымға байланысты. Қазіргі уақытта, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені пайдалануға берілді.
Ал, жыл соңына дейін қалалық №12 спорт мектебінің құрылысы және «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы биыл сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.
Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен қатар 2024 жылға жергілікті бюджеттен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жобасына 2 866 млн теңге қаржы қарастырылды.
Қазіргі таңда, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру платформасында 121 кәсіпкер біліктілік іріктеуден өтіп, спорттың 18 түрінен 205 секцияда 17 024 бала спортпен айналысуда.
Осы жоба аясында 328 жаттықтырушы және 195 жуық басқада қызметкер жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы саны 523 адам.
Жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 159 спорттық (халықаралық, республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп, оған 18 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде ауқымды спорттық іс-шараларды айтар болсақ:
— «Наурыз» мерекесі аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар;
— Бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты;
— Садақ атудан халықаралық турнир;
— Қазақ күресінен «Шымкент Барысы»;
— Мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада;
— Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында спартакиада.
Аула чемпионаттары 34 жерде өткізіліп, жалпы 1200-ден астам бала мен іс-шараны өткізуге 80-нен астам спорт қызметкері жұмылдырылды. Алдағы уақытта «Аула чемпионаттары» жүйелі түрде өткізіліп тұрады.
Жыл соңына дейін Шымкент жастар Лигасы, футболдан жас ерекшеліктері бойынша лига жарысы, спорт мекемелері қызметкерлері арасында спартакиада жарысы, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен спартакиада жарыстары және басқа да спорттық іс-шаралар өткізілетін болады.
Қазіргі уақытта, бұқаралық спортты дамыту аясында қаламыздағы бұқаралық, спорттық іс-шараларды өткізу үшін «Шымкент қаласының дене шынықтыруды дамыту және іс-шараларды өткізу дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз жұмысын бастады.
Абаттандыру нысандары:
Шымсити шағынауданындағы 1 абаттандыру нысанының (20,4 га) құрылысы аяқталды. Ал, құрылысы 2023 жылы басталған 1 нысан (3,2 га) саябақ құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тұран ш/а Этносабақ құрылысының жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.
Қоса кететін, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы – 3247,6 шақырым. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2312,3 шақырымы – асфальт жол, оның жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2%-ды құрайды.
Шымкент қаласының жол желісін дамытуға, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бюджеттен 48,5 млрд теңге қаражат қарастырылып, бүгінгі күні жаңа жолдардың құрылысы, реконструкция, күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Атап айтар болсақ:
— 10 нысан немесе 29,4 км жаңа жол құрылысы жоспарланып, биыл 6 нысан немесе 21,8 км жол пайдалануға берілмек.
— 6 нысан немесе 24,9 км жолды реконструкциялау жоспарланса, биыл 2 нысан немесе 3,7 км жолды пайдалануға беру жоспарда бар.
— 2 нысан немесе 17 км жолды күрделі жөндеу жоспарланып, жұмыс жүргізілуде.
345 көше немесе 235,6 км жолдарды жөндеу жоспарланған, бүгінгі күні 185 көше немесе 123,3 км жолға жөндеу жұмыстары жүрізілуде, қалған 160 көше немесе 112,3 км жолға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Жыл қорытындысына сәйкес, 215 көше немесе 137 км жолдарға асфальтбетон қабаты төселіп пайдалануға беріледі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша аудандардағы 133 шақырым бұрынғы шағалтасты жолға асфальтбетонды қабат төселеді.
Қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысындағы 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланып, 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге артты.
Сондай-ақ тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге немесе 30 км көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселді.
Әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары:
3 әлеуметтік қамтамасыз ету нысанының құрылысы жоспарланған. Ол «№1 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» қосымша 50 орындық ғимарат құрылысы және күрделі жөндеуден өтетін «№ 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ғимараты, Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 150 орындық оңалту орталығы. Нысандардың құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Бұдан басқа, «Мейірім» оңалту орталығы МКҚК-ның 100 орындық ғимаратын салу жобаларының құжаттары әзірленуде.
Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 93 407 (2023 ж. – 89 926), оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 2 (2023 ж. – 2), тыл еңбеккерлері – 1 767 (2023 ж. – 1 950).
Жалпы көпбалалы аналар саны – 64 605 (2023 ж. – 50 375), оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған аналар саны – 13 370-ге жетті (2023 ж. – 12 395). Сонымен қатар 4 не 5 баласы бар 51 535 көпбалалы ана тіркелген.
2024 жылы ардагерлер мен аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында 2253 млн теңге қарастырылды, оның ішінде 1414,3 млн теңге игерілді. Зейнет жасындағы азаматтар үшін емдеу-сауықтыру шараларына 660,9 млн теңге қаралды, оның 257,8 млн теңгесі игерілді. Мереке және атаулы күндерге арналған бір реттік, ай сайынғы көмек көрсетуге 1,570,7 млн теңге қаралып, 1 156,7 млн теңге көлеміндегі қаржы төленді. Сонымен қатар зейнет жасындағы азаматтарды емдеу-сауықтыру шараларымен қамту мақсатында 5 мың ардагер мен зейнеткер үшін бюджеттен 738,4 млн теңге қарастырылып, 1 360 жолдама берілді. (2023ж.- 572,2 млн теңге).
Биылғы 7 айдың қорытындысына сәйкес, 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қала халқын жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға азайып отыр. Мәселен, 2023 жылдың 7 айында 11 089 отбасындағы 56 199 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі көмек есепті кезеңде 6900 отбасындағы 13 494 бала үшін төленіп жатыр. Көмектің бұл түрін алушы отбасы саны да кеміген. Яғни, 2023 жылы 9 782 отбасындағы 18 608 балаға аталған жәрдемақы төленсе, өткен жылмен салыстырғанда көмек алушылар саны 27,5%-ға төмендеген.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тағайындалады. Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70% деңгейінде немесе 2024 жылдың ІІI тоқсанына орта есеппен 34 662 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін МАӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен отбасының әр мүшесіне белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
2024 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 11,5 млрд теңге (2023ж.- 8,2 млрд теңге) қарастырылып, биылғы 1 тамыз жағдайы бойынша 6,4 млрд теңге төленуде.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылған. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электронды қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады.
Ауылшаруашылығы нысандары:
Ақтас шағынауданында 1 ауыл шаруашылығы нысандары және осы нысанды жеткізуші инфрақұрылыммен қамтудың 1 нысанының (ИКИ) құрылысы аяқталды.
Ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылған қала тұрғындары – 6 689 адам. 2024 жылы ауыл шаруашылығы бойынша 86,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда, 8 айдың қорытындысына сәйкес, жалпы 66,0 мың тонна тонна өнім жиналды.
Атап айтқанда:
- дәнді дақылдар – 16,1 мың тонна (бидай – 15,5, арпа – 0,7);
- майлы дақылдар – 2,3 мың тонна;
- мал азықтық – 17,8 мың тонна;
- көкөніс пен бақша – 26,4 мың тонна;
- картоп – 3,4 мың тонна.
- АӨК экспорты көлемі – $116,1 млн;
Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша 2024 жылы 9 бағдарлама аясында 3,9 млрд тенге субсидия және кредиттік жобаларды несиелендіруге 4 500,0 млн теңге бөлініп, 9 айда 2,7 млрд теңге игерілді.
- Минералды тыңайтқыштарға – 44,1 млн теңге;
- Тұқым шаруашылығына – 6,5 млн теңге;
- Өнімділкті арттыруға-29,0 млн теңге;
- Пестицидтердің, биоагенттерге – 0,2 млн теңге;
— Басым дақылдарды субсидиялауға -299,3 млн теңге;
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға – 432,4 млн теңге;
- Сүтті қайта өңдеуге – 1501,5 млн теңге;
- Инвестициялық субсидия- 7,4 млн теңге;
- Сыйақы мөлшерлемесіне- 392,6 млн теңге.
Төтенше жағдайлар нысандары:
Ағымдағы жылы 7 нысанның құрылысы жоспарланған. Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, қалған 6 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар, 2 жоба Қайнарбұлақ жедел құтқару кешені мен Таскен, шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығының құжаты дайын. 5 жоба (Ынтымақ, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Шымсити, Ақжар шағын аудандарындағы жедел қызмет көрсету орталығы) құжаты әзірленуде.
Қорғаныс саласының нысандары:
1 қорғаныс (сарбаздар 8 ғимаратын реконструкциялау) нысанның құрылысы жүрігізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 1 жобаға ЖСҚ әзірленуде (Шаян ауылында басқару пункті).
Мемлекеттік органдар нысандары:
Ағымдағы жылы 4 мемлекеттік орган нысандарының құрылысы жоспарланған. (Абай 2/9 әкімшілік ғимаратқа қосымша ғимарат салу, Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу, Диваев 4 ПД әкімшілік ғимаратын реконструкциялау, Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу).
Оның ішінде, 1 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылды (Момышұлы 27 а ғимаратты күрделі жөндеу). Ал 2 нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, қалған 1 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі (Әкімшілік-іскерлік орталықта әкімшілік ғимарат салу). Сонымен қатар, 2 жобаның ЖСҚ-сы дайын (Қазбек би 36 әкімшілік ғимараты және прокуратура ғимараты).
Денсаулық сақтау нысандары:
1 денсаулық сақтау нысанының (Қан орталығы МКК қосымша ғимарат құрылысы) ЖСҚ-сы дайын және 2 жобаның ЖСҚ-сы әзірленуде (Ақжайық шағын ауданында 200 төсек орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Алдярова көшесіндегі перзентханаға қосымша корпус салу) әзірленуде.