masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ АДАЛДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

21 ноября, 2024
in Қоғам, Қылмыс
0
ШЫМКЕНТТЕ АДАЛДЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ЖАСТАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкентте жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Адалдық – адамдықтың белгісі» атты қалалық шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға колледж студенттері, мектеп оқушылары және қала тұрғындарынан 63 өтінім түсті. Байқауды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қолдауымен «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Байқау сурет салу, ән және поэзия номинациялары бойынша өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында адалдықты дәріптеу, шығармашылық әлеуетін дамыту және дарынды жастарды қолдау. Сурет салу байқауы екі жас ерекшелігі бойынша өтті: 14–16 жас және 17–21 жас. Қатысушылар 90 минут ішінде тақырыпқа сай суреттерін дайындап, композиция мен түстер үйлесімі бойынша сынға түсті. Ән мен поэзия байқауының қатысушылары жанды дауыста өнер көрсетті, ал көркем сөз оқуға ерекше мән берілді.
Байқау жүлде қоры 450 000 теңгені құрады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен және қала әкімінің дипломымен марапатталды.
Көркем сөз оқу номинациясы:
— І орын – Сабина Әбдуәлі (Әл-Фараби атындағы мектеп) – 100 000 теңге.
— ІІ орын – Ұлжан Сәрсен (Мирас университеті) – 75 000 теңге.
— ІІІ орын – Асқар Бекзат (Саз колледжі) – 50 000 теңге.
Ең үздік шығарма номинациясы:
— Ақсүйкім Ізбасар (С. Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп).
Бұл дәстүрлі түрде өткізілетін байқау жастардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және рухани байлықты насихаттауға бағытталған. Биыл іс-шара төртінші рет ұйымдастырылып, жастарды адалдық пен ізгілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТҚА ҚАТЫСТЫ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде