masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкенттік Ұлттық ұлан офицері елордада өткен «Егемен ел патриоты» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

24 октября, 2024
in Uncategorized
0
Офицер Нацгвардии из Шымкента стал победителем республиканского конкурса «Егемен ел патриоты» в столице
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Бұл байқау Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өтіп, елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтар өз білімдері мен патриоттық көзқарастарын сынға салды.

Бекжан Әбдімәлікұлы байқауға қатысқан кезде өзінің әскери қызметтегі тәжірибесін, мемлекеттік тілді енгізу бағытындағы еңбегін және патриоттық тәрбие берудегі жетістіктерін көрсетті. Әскери салада мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жұмыстары байқау комиссиясының жоғары бағасына ие болып, оның елге, тілге деген адалдығы мен қызметіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

«Егемен ел патриоты» байқауы Қазақстанның нағыз патриоттарын анықтауды мақсат еткен. Бекжан Әбдімәлікұлының жеңісі оның Ұлттық ұландағы қызметіндегі табыстары мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан үлесінің нәтижесі болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша Бекжан Әбдімәлікұлына арнайы «Егемен ел патриоты» төсбелгісі мен арнайы диплом, сыйлық табыс етілді.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында офицер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оған марапатты ведомство басшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов табыс етті.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Next Post

Офицер Нацгвардии из Шымкента стал победителем республиканского конкурса «Егемен ел патриоты» в столице

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде