masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Аппараттық мәжілісте қала дамуының өзекті мәселелері көтерілді

13 августа, 2024
in Cаясат
0
Аппараттық мәжілісте қала дамуының өзекті мәселелері көтерілді
0
SHARES
21
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер және денсаулық сақтау саласында соңғы 6 айда атқарылған жұмыстар қаралды.

Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жаңа оқу жылы қарсаңындағы білім ғимараттарының дайындығы туралы баяндады. Қала әкімі тиісті сала басшыларына білім нысандарының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету, мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына әзірлігін сапалы және мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков дүңгіршектерді тиісті құжаттарсыз өз бетінше иеленген жағдайларға тоқталды. Жалпы қала бойынша 577 дүңгіршек анықталған, орнынан алынғаны 228. Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қала басшысы жауаптыларға құжаттандыру жұмыстарын заң аясында жүргізуді бақылап, кәсіпкерлік қызметтің заң шеңберінде ұйымдастырылуын қамтасыз етуді тапсырды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов заңсыз салынған құрылыс нысандары туралы баяндама жасады. Басқарма тарапынан заңға сәйкес 28 нысанға талап арыздар жолданған, 13 құрылыс нысанына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан. Қала әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде ұйымдастыруды тапсырды.

 

Previous Post

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді

Next Post

Өнер жұлдыздары Кентауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде