masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home MASA24.KZ

Аударыспақтан Қазақстан құрамасы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр

8 августа, 2024
in MASA24.KZ, жастар
0
Аударыспақтан Қазақстан құрамасы 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындалып жатыр
0
SHARES
12
VIEWS
БөлісуТуиттеу

2024 жылдың 6 тамызында аударыспақтан ұлттық құраманың кезекті оқу-жаттығу жиындары басталды. Ұлттық құрама Алматы облысында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы дайындықтарын пысықтап жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын аударыспақтан ұлттық құрама сапында 12 спортшы бар.

Аударыспақтан Қазақстан құрамасының бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанбатыр Бекмұрсаев Көшпенділер ойындарында команда жеңіске жету үшін аянып қалмайтынын жеткізді.

«Біз Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында осымен екінші оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Спортшылар жоспар бойынша жаттығуда. Ойындарға дейін сақадай сай дайын болады деп ойлаймыз. Біздің мақсатымыз — намысқа тырысып, ойдағыдай өнер көрсету. Себебі Қазақстан – көшпенділер ойындарын өткізетін ел. Сондықтан, жеңіске жету үшін барымызды саламыз», — деді бас бапкер Жанбатыр Бекмұсаев.

Аударыспақ – екі салт аттының күресі, ұлттық спорт түрі. Жарыстар арнайы жабдықталған диаметрі 15 метрлік шеңбер тәріздес алаңда өтеді.
5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында Аударыспақ жарысы этноауыл аумағында 9-10 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі — ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі — Halyk Bank.

Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Previous Post

Сарыағаштағы өткен сенбілікке 100-ге жуық ерікті қатысқан

Next Post

Пойыз билеттері қымбаттайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде