masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда «Ел ұйытқысы – ене мен келін» атты сайыс өтті

5 августа, 2024
in Қоғам
0
Түркістанда «Ел ұйытқысы – ене мен келін» атты сайыс өтті
0
SHARES
11
VIEWS
БөлісуТуиттеу

Түркістан қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ұйымдастыруымен салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Ел ұйытқысы – ене мен келін» сайысы өтті. Шараға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Созақ ауданынан келген 6 отбасы қатысты. Жиында Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлмайымбетов сөз алып, сайыстың маңыздылығына тоқталды.

Шара — еліміздегі әрбір шаңырақтың тату-тәтті, үлгілі болуын насихаттап, ене мен келін арасындағы ауызбіршілікті сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Қатысушылар ұмыт болып бара жатқан Құрсақ тойы, Қазанжарыс, Тымаққа салу, Қырқынан шығару, Тұмар, Айдар секілді салт-дәстүрге негізделген көріністерді сахналады. Одан бөлек, сөз шеберліктерін танытып, мақал-мәтел айтудан жарысқа түсті. Қолөнерден де отбасылар бағын сынады.

Нәтижесінде Созақ ауданынан келген отбасы жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Арыс қаласынан келген отбасы 2-орынға, Түркістан қаласынан қатысқан отбасы 3-орынға ие болды. Ал, Кентау қаласынын келген отбасы «Көрермен көзайымы» номинациясын иеленді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысының мәдениет қызметкерлері экоакцияға атсалысты

Next Post

Түркістан облысында 1 мыңнан аса жеке тұлға банкрот деп танылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде