masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home жастар

ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ГРОССМЕЙСТЕР ГҮЛІСХАН НАХБАЕВАНЫҢ КУБОГІ ӨТТІ

19 апреля, 2024
in жастар, Спорт, Қоғам
0
ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ ГРОССМЕЙСТЕР ГҮЛІСХАН НАХБАЕВАНЫҢ КУБОГІ ӨТТІ
0
SHARES
61
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Шымкент шахмат астанасына айналады. Бұл мақсатта спорттың осы түрінен қалада түрлі сайыстар ұйымдастырылып жатыр. Осы орайда жол — көлік колледжінде, шахмат турнирінен Қазақстан Республикасының әйелдер арасында тұңғыш гроссмейстер атанған Гүлісхан Нахбаеваның кубогі өтті. Турнирге қаладағы оқу орындарынан спортшылар қатысып, тартысты ойын көрсетті.

 Гүлісхан Нахбаева – шахматтан Қазақстанның 7 дүркін чемпионы. 6 жаста анасының ықпалымен  шахмат үйірмесіне қатысыпты. Содан бері интелектуалды ойынның шыңын бағындырып келеді. Қазақстандағы тұңғыш гроссмейстер дәрежесінен бөлек,  әлемдік деңгейдегі ойындарда бақ сынап, бірнеше дүркін жеңімпаз болған. Шәкірт тәрбиелеп, алдағы уақытта өзінен де мықты шахматшылар шығаруды көздейді.Қала бойынша мұндай форматтағы турнир бірінші рет өтіп отыр. Алдағы уақытта осы тектес жарыстар жиі ұйымдастырылады. Аталған  іс-шараның ашылуына қала әкімінің орынбасары  Сәрсен Құранбек қатысып, жас шахматшыларға сәттілік тіледі.

 

Турнир екі кезеңнен тұрады. Оған шаһардағы 40-тан астам колледж студенті қатысты. Соңғы уақытта үшінші мегаполисте шахмат ойынын дамытуға үлкен назар қойылып отыр.  Жас шахматшылардың дайындалуына барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта ауқымды турнирлер ұйымдастыру жоспарда бар. Айта кетейік шаһарда интеллектуалды ойынды дамыту үшін  орталық саябақта шахмат ойнына арналған алаң бар. Мұнда әуесқойлар мен гроссмейстерлер жиналып уақыт өткізуге жағдай жасалған.

 

Previous Post

Президент пәрмен берген тапсырма: жұмысшы мамандарды қолдау

Next Post

Шымкенттегі университеттер Орал қаласына гуманитарлық көмек жіберді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде