masa24.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • MASA24.KZ
No Result
View All Result
masa24.kz
No Result
View All Result
Home Білім

 ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСІН ҚАБЫЛДАДЫ

2 апреля, 2024
in Білім, Жаңалықтар
0
 ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫ ПАРИЖДЕН АЛҒАШҚЫ РЕЙСІН ҚАБЫЛДАДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
БөлісуТуиттеу

 

Шымкент әуежайы Парижден алғашқы рейсін қабылдады. Жүк ұшағы Париж бағытынан Шымкент қаласының аэропортына алғаш рет қонды. Сондай-ақ, Шымкент ұшу аймағы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді. Әуежайдағы жаңалықтар тілші топтамасында.

Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы уағдаластықтар аясында Шымкент әуежайында ұйымдастырылды. Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкентке жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл мегаполистің логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам болады. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретінде өз позициясын күшейтіп, толыққанды көліктік-логистикалық державаға айналуға тиіс екеніне тоқталған болатын. Көлік-логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет.  Шымкенттегі «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданды.

2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі. Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады. Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн.

 

Previous Post

 СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРДА ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚИДЫ  

Next Post

ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде masa24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

Редакция

Email: gulsanat-kalmirza.kz@mail.ru
Телефон: 87000202983, 87763627414
Яндекс.Метрика
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • MASA24.KZ
  • Әлемде