«Рухани жаңғыру — Ұлттың Ұлы Мұраты» идеялар байқауының ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың міндеті мен мақсаты
- Байқау арқылы Түркістан облысының тұрғындары арасында жастар мен орта буын өкілдер арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №724 қаулысымен бекітілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының халық арасында жүзеге асуына ықпал ету, талдау, талқылау, насихаттау;
- Ұлттық жобаның бағыттары бойынша міндеттемелерді орындауға халықтың арасында ықпал ету;
- Жас буын мен орта буын өкілдерінің арасында байланыс орнату;
- Рухани жаңғыру арқылы рухы биік қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын сақтап отыра қоғамдық өмірге белсене араласуға азаматтарды көптеп тарту;
- Креативті идеялары бар облыс азаматтарын қолдау, тиісінше маңызды жобаларды облыс тұрғындарының әлеуметтік статусын жоғарлату мақсатында қолдану, оларды іске асыру үшін тиісті сала өкілдеріне жолдау.
- Байқаудың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы
«Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауы — Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Сондай-ақ байқау қатысушыларының жұмыстарын сараптау және жеңімпаздарын анықтау арнайы бектілген комиссия арқылы шешіліп хаттамасы жасалатын болады.
- Байқаудың кезеңдері
Байқау негізінен 3 кезеңнен тұрады. Олар
1-кезең: Өтінімдерді қабылдау кезеңі 20тамыз-15 қазан аралығы
Өтінімдер shanyrak.ideya.06@mail.ru электронды поштасы арықылы онлайн жиналады, power Point немесе PDF форматта жасалған презентациясы және Word.та жазылған қысқаша жоба аннотациясы болуы керек.
2-кезең: Іріктеу кезеңі. 15-20 қазан аралығы
Пошта арқылы жиналған материалдар шығарылып арнайы комиссияға ұсынылады, комиссия отырысынан қаралып
- Идеяның маңыздылығы
- Идеяның мазмұндылығы
- Идеяның өзектілігі
- Өңірге ерекшелігіне сәйкестігі
- Идеяның жаңашылдығы сияқты критерийлері ескеріліп, іріктелген жұмыстар жеңімпаз деп танылады.
3-кезең: Салтанатты марапаттау рәсімі 20-қазанда Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығында өтеді.
- Байқаудың тақырыптық бағыттары
Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына кез-келген қатысушы төмендегі бағыттар аясында тақырып қойып жасай алады.
- Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті
- Тілді дамыту
- Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру
- Отандық мәдени өнімді танымал ету
- Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту.
- NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру
- Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту
- 5. Байқаудың жүлде қоры
Байқаудың үздік 50 қатысушысы Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының алғыс хаты және кәде сыймен марапатталады. Ал қаржылай сыйақы -1 850 000 теңге қарастырылған.
- Байқау қатысушылары
«Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына Түркістан облысының 14 жастан-60 жасқа дейінгі кез-келген Түркістан облысынң азаматы қатыса алады.
- Байланыс ақпараттар
«Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі басшысы Сабира Байзахова 8-702-509-00-43 және 8-707-009-31-58 телефондары арқылы байланысуға болады. Байқау ережесі туралы ақпаратты ақпарттық парақшадағы QR кодты сканерлеу арқылы толық біле аласыздар.